Kaspi.kz жалпы көлемі 161 млрд теңгеге жуық дивиденд төлейді

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

Kaspi.kz қазақстандық финтех холдингі 2023 жылға бір акцияға 850 теңге мөлшерінде дивиденд төлейді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған құжатта жазылған.

Бұл дивиденд мөлшері 8 сәуірде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысында бекітілген.

KASE-де 2024 жылғы 1 қаңтардағы мәліметі бойынша, Kaspi.kz айналымдағы қарапайым бағалы қағаздарының саны 189 миллион 333 мың 465 дана болды.

Холдингтің артықшылықты акциялары жоқ. Осылайша, көрсетілген кезеңдегі дивидендтік төлемдердің жалпы көлемі 160,933 млрд теңгені құрайды.

Бұған дейін Kaspi.kz 2023 жылға үш рет дивиденд төлеген: 2023 жылдың бірінші және екінші тоқсанында бір акцияға 750 теңге және 2023 жылдың үшінші тоқсаны үшін 850 теңге.

Kaspi.kz қаңтарда 1 млн доллар табыс тапты

Еске сала кетсек, қаңтарда Kaspi.kz тобының негізгі акционерлері бағалы қағаздарын америкалық NASDAQ биржасында орналастырды. Онда финтехкомпания шамамен 1 млрд доллар табыс тапты.

Аталған көрсеткіш компанияның Лондон қор биржасындағы (LSE) депозитарлық қолхаттары бағасына негізделген болжамнан 127 миллион доллар артық. IPO барысында Kaspi.kz иелері әр акцияны 92 доллардан, жалпы саны 11,3 миллион америкалық акция сатты. Олар кейін компанияның жай акцияларына айырбасталды. SEC ұйымына жіберілген хабарламада 9 миллион бағалы қағаз орналастыруға ниетті екені жазылған еді.

Ол кезде дивиденд мөлшері бір жай немесе артықшылығы бар акцияға 2,3 мың теңгені құрады. KASE сайтындағы мәліметтерге сәйкес, айналымда компанияның 18,3 миллион қарапайым және 372,5 мың артықшылығы бар акциясы жүр.

Kaspi Bank-тің 88,34% акциясын иеленетін ең ірі акционері – Kaspi.kz холдингінің құрамына кіретін Kaspi Group. Ең соңғы бенефициарлары – Baring Vostok қоры (26,13%), Михаил Ломтадзе (23,42%) және Вячеслав Ким (22,27%). Kaspi.kz акциялары KASE-де орналастырылған. Жаһандық депозитарлық қолхаттары Лондон қор биржасында (LSE), АҚШ-тың NASDAQ биржасында саудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз