АҚШ биржасында Kaspi акцияларының бағасы жоғары динамика көрсетіп, кейін төмендей бастады – Freedom Broker

Жарияланды
АҚШ биржасында қандай өзгерістер болды? / Архив: kursiv.media

Freedom Broker сарапшылары KASE және LSE соңғы сауда сессиясының нәтижелері бойынша кезекті шолуын жариялады

АҚШ-тың негізгі үш фонд биржаларының бірі Nasdaq-та Kaspi құнды қағаздары бірден 7%-ға төмендеді. Тоқсандық дивидендтер 5 сәуірде түсті. Оның көлемі 850 теңгені құрады. Дегенмен бұл кірістің тек 1,43%-ын құрайды. 

«Сондықтан бағаның өзгеруінің себебі сәл тереңірек жатыр. 4 сағаттық диаграммада да төменге қарай ауытқу байқалды. Бірақ та жергілікті оң нәтиже де бар. Бүгінгі сауда аталған ұйым құнды қағаздары өз позицияларын сақтай алатынын көрсетеді»,– деп атап өтті сарапшылар. 

Сонымен қатар LSE-де «Қазатомөнеркәсіп» акциялары да 2,8% төмендеді. 

«Компания бағалы қағаздары әлі де жоғары деңгейде емес»,– деп жазды сарапшылар. 

Халық банкі 0,7% жоғалтты. Кеше банктің 2015 жылы Қазкомға алған 250 миллиард теңге тарихи мемлекет көмегін мерзімінен бұрын өтегені туралы ақпарат жарияланды. 

Еске сала кетсек, қаңтарда Kaspi.kz тобының негізгі акционерлері бағалы қағаздарын америкалық NASDAQ биржасында орналастырды. Онда финтехкомпания шамамен 1 млрд доллар табыс тапты.

Аталған көрсеткіш компанияның Лондон қор биржасындағы (LSE) депозитарлық қолхаттары бағасына негізделген болжамнан 127 миллион доллар артық. IPO барысында Kaspi.kz иелері әр акцияны 92 доллардан, жалпы саны 11,3 миллион америкалық акция сатты. Олар кейін компанияның жай акцияларына айырбасталды. SEC ұйымына жіберілген хабарламада 9 миллион бағалы қағаз орналастыруға ниетті екені жазылған еді.

Ол кезде дивиденд мөлшері бір жай немесе артықшылығы бар акцияға 2,3 мың теңгені құрады. KASE сайтындағы мәліметтерге сәйкес, айналымда компанияның 18,3 миллион қарапайым және 372,5 мың артықшылығы бар акциясы жүр.

Kaspi Bank-тің 88,34% акциясын иеленетін ең ірі акционері – Kaspi.kz холдингінің құрамына кіретін Kaspi Group. Ең соңғы бенефициарлары – Baring Vostok қоры (26,13%), Михаил Ломтадзе (23,42%) және Вячеслав Ким (22,27%). Kaspi.kz акциялары KASE-де орналастырылған. Жаһандық депозитарлық қолхаттары Лондон қор биржасында (LSE), АҚШ-тың NASDAQ биржасында саудаланады.

Жуырда компания Лондон қор биржасында (LSE) өзінің ADS (америкалық депозитарлық акциялар) және ЖДҚ (жаһандық депозитарлық қолхат) листингінен бас тартатынын хабарлады. Делистинг 2024 жылдың 25 наурызына дейін өтеді деп күтілген.

Наурызда «Kaspi bank» АҚ дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы қаржы ұйымы Қазақстан қор биржасына жолдаған құжатта жазылған.

«Kaspi Bank акционерлері 2023 жылға жай және артықшылығы бар бір акцияға 4 000 теңге көлемінде дивидендтер төлеуді мақұлдады», – деп жазылған құжатта.

Төлемдер 2024 жылдың 18 наурызында басталады. Дивиденд төлеу акционерлердің жалпы жиалысында шешіледі. Ол күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

Сондай-ақ оқыңыз