Наурызда жаңа үйлердің бағасы 0,4% арзандады 

Жарияланды
Наурызда тұрғын үй нарығында қандай өзгеріс болды? /Фото: shutterstock

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айында тұрғын үй нарығында жаңа және жалға берілетін үй бағасы түсіп, қайталама нарықтағы үйлердің бағасы баяу өскен

Наурыздағы көрсеткіш

Айлық есеппен алғанда, нарықта оң өсім бар. Пәтер алып-сату айлық мәнде +0,2% өсіп, 1 шаршы метр үшін 502,8 мың теңгені құрады. Ал ақпанда 501,9 мың теңге болған еді. 

Жаңа пәтерлерді сату айлық мәнде -0,4% түскенімен, жылдық +1,3% өсті. Наурызда 1 шаршы метр үшін баға 486,6 мың теңгені құрады, ақпанда 488,6 мың теңге болған еді. 

Жалға беру құны айлық өлшемде -0,6% төмендегенімен, жылдық +2,3% өсті. 

Орташа баға 1 шаршы метрі үшін 4,19 мың теңге болды, ақпанда 4,21 мың теңге болған еді. 

Ал жаңа үй бағасы наурыз айында 2023 жылдың қарашасынан бері бірінші рет төмендеді. 

Наурыз айының қорытындысы бойынша 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы төмендегідей болды: 

Жаңа үйлер нарығы – 486 579 теңге; ескі үйлер – 502 828 теңге; жалға беру – 4 185 теңге.

Айта кетейік, қыс айлары мен көктемнің басында тұрғын үй нарығында «тыныштық» кезеңі саналады.

Ақпанда баға қандай болды?

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы ақпандағы тұрғын үй нарығындағы бағаның өзгеруіне қатысты есебін жариялады.

Бір жылда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 3% өсті. Ал қайталама нарықтағы баға 3,3% төмендеді. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 2,9% қымбаттады.

Өңірлер бойынша талдасақ

Өңірлер бөлінісінде жаңа үйлер нарығында жылдық мәнде баға Ақтөбе – 8,9%, Қызылорда – 7,1% қалаларында өсті. Қайталама нарықта баға өсімінің көшін Талдықорған (9%), Атырау (8,2%) қалалары бастап тұр. Тұрғын үйді жалға алу нарығында – Жезқазған (23,3%), Қарағанды (23%) Атырау (21%) қалалары.

Бір айдың ішінде жаңа тұрғын үйді сату – 0,4%, ал пәтерлерді қайта сату 1,7% өсті. Жөндеу жүргізілген тұрғын үйді жалға алу төлемі ақпанда алдыңғы аймен салыстырғанда 1,2% төмендеді.

Тұрғын үйге сұраныс жоғары ма?

2024 жылғы ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 30 534 мәміле тіркелген болатын. Оның ішінде жеке үйлер бойынша 6 017. Ал көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 24 517 мәміле жасалды. 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда (31 713) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,7% азайды.

Мәмілелер саны бойынша бұрынғысынша Алматы (6434 – 21,1%) және Астана (5882 – 19,3%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2297 – 7,5%) көш бастап тұр.

Көппәтерлі тұрғын үйге сұраныс төмендеді ме?

«2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 4,4% (1128 мәмілеге) азайды. 2024 жылдың ақпан айында пәтерлер бойынша барлығы 24 517 мәміле жасалды. Бұл жалпы мәмілелер санының 80,3%», – деп жазылған хабарламада.

Көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй саудасының негізгі үлесі Алматы (24,3%), Астана (23,5%) қалаларына және Қарағанды облысына (7,9%) тиесілі. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым болды. 2024 жылдың ақпанында олар бойынша 9 167 мәміле ресімделген.

Бұған дейін, Алматыда қаңтар, наурыз айларында 4-5 балдық жер сілкіністері болып, жер үйлерге сұраныс артты.

Еске сала кетсек, 10 қарашада елімізде тағы бір ипотекалық бағдарлама іске қосылатыны жарияланды. 

«9-20-25» тұрғын үй бағдарламасының ықтимал нұсқасы. Бұл жоба әзірлену сатысында. Банк сарапшылары есеп-қисап жүргізіп, шарттарды талдайды. Жоба мақұлданса, «Отбасы банкі» қазақстандықтарды қосымша хабардар етіп, толық ақпарат береді», – деп хабарлады«Отбасы банкі» АҚ баспасөз қызметі.

16 қарашада «Отбасы банкі» АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама талқыға түсіп жатқанына қатысты пікір білдірді.

«Бұл бағдарлама әлі басталған жоқ. Бағдарлама біздің жоспарымызда тұр», – деді Ләззат Ибрагимова.

1 наурыз «9-20-25» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды.

Сондай-ақ оқыңыз