Linqto инвестициялық платформасы 2024 жылдың екінші жартысында биржаға шығады

Жарияланды
Фото: Linqto

Linqto инвестициялық платформасы Вlockchain Coinvestors Acquisition Corp SPAC компаниясымен бірігу арқылы 2024 жылдың екінші жартысында биржаға шығады, деп жазады Reuters. Хабарламадан кейін BCAC  бағалы қағаздары 0,5%-ға  қымбаттады.

Толығырақ

Стартаптарға қаражат жинауға арналған Linqto инвестициялық платформасы NASDAQ-қа IPO-сыз шығуды жоспарлап отыр. Linqto сауда жасамайтын кәсіпорынмен бірігіп, оны нарыққа шығару үшін арнайы құрылған ашық компаниямен мәміле жасады. Оның рөлін Вlockchain Coinvestors Acquisition атқарады. Мәміленің құны -700 млн долларды құрады. Біріктірілген компания Linqto ретінде жұмыс істейді.

Blockchain Coinvestors Acquisition Corp. биржада 2021 жылдың аяғынан бастап шамамен 11 доллардан  сатылады. Мәміле жарияланғаннан кейін компанияның акциялары 0,5% – ға қымбаттады.

Linqto инвестициялық платформасының 750 мыңнан астам пайдаланушысы бар. Құны 1 млрд доллардан асатын стартаптарға инвестициялауға маманданған. Ол арқылы инвесторлар Fortnite Epic Games және Ripple Сryptocurrency компанияларына ақша салған.

SEC  позициясы

АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы болашақта басқа компанияларды иемдену үшін құрылған  теріс пиғылды компаниялардың қоғамдық нарыққа шығуына қарсы. Өйткені олар IPO ережелерін бұзады. SPAC жеке компаниямен бірігу үшін бастапқы орналастырудан алынған кірістерді пайдаланады және көбінесе орналастыру кезінде болашақ кірістерін асыра көрсетеді.

Spac арқылы тағы кім сауда саттыққа шықты

Ақпан айында  Webul  Сауда платформасы 7,3 миллиард долларлық мәміле аясында. SPAC компаниясымен бірігу арқылы NASDAQ-та өз акцияларын орналастыруға келісті.

Наурызда АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа тиесілі Trump Media әлеуметтік желісі SPAC-  Digital World Acquisition Corp   компаниясымен бірігуден кейін сауда-саттыққа шықты. Бұл ретте бірігу туралы келісімге 2021 жылдың қазан айында қол қойылды. Бірақ Digital World   өзінің атқарушы директорын жұмыстан шығарып, басқарма құрамын өзгерткендіктен, бұл мәміле АҚШ Әділет министрлігінің тергеуіне ілікті. Компания  SEC-пен  ақпаратты толық ашпағаны үшін 18 миллион доллар төлеу туралы келісімге келуге мәжбүр болды.

Сондай-ақ оқыңыз