Қазақстандықтардың 77 пайызы азық-түлік қымбаттап жатқанын айтады

Жарияланды
Шығарушы редактор
қымбаттап
Коллаж: kursiv.media

Ұлттық банктің сауалнамасына қатысқан респонденттер келер жылы инфляция 14,2% құрайды деп күтетінін айтқан. 77 пайызы азық-түлік бағасының қымбаттап жатқанын сезінген.

Ақпан айында жұргізілген сауалнамаға қатысқандар алдағы 12 айда инфляция 14,6% құрайды деп болжаған.

Сауалнаман нәтижесінде халықтың тұтыну көңіл-күйі жақсарғаны байқалады. Оған бір жылдан кейінгі жеке материалдық жағдайды бағалау, елдің даму перспективаларын бағалау көрсеткіштерінің жоғарылауы негіз болған.

Дегенмен респонденттердің 77 пайызы азық-түлік бағасы қымбаттағанын байқаған. Әсіресе ет және сүт өнімдері, нан мен нан-тоқаш өнімдері, жеміс-жидек пен көкөніс қымбаттап барады. Азық-түлік емес тауарлардан халық дәрі-дәрмектің, тазалыққа арналған химиялық өнімдердің, киім мен аяқкиімнің, сондай-ақ құрылыс материалдарының қымбаттағанын айтқан.

Респонденттердің 25% баға алдағы уақытта қазіргімен салыстырғанда жылдам өседі деген пікірде. 2023 жылдың желтоқсанында осындай пікір білдіргендердің қатары 27%-ды құрады.Сондай-ақ, сезілетін инфляцияны бағалаудың медианалық мәні кейінгі 12 айда 14,6%-ға (16,3%) дейін түскен.

2024 жылғы наурызда тұтыну көңіл-күйі индексі 109-ға дейін артты. 2024 жылғы
ақпандағы индекс 108 болған. Атап айтқанда, таяу жылдағы елдің даму перспективаларын бағалау көрсеткіші (1,2 тармаққа) өсті, 5 жылдан кейінгі елдің даму перспективаларын бағалау көрсеткіші (3,5 тармаққа) төмендеді. Бір жылдан кейінгі жеке материалдық жағдайды бағалау көрсеткіші де жоғарылаған.

Ақпанда елде жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады (қаңтарда – 9,5%). 13 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеген болатын.Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.


Сондай-ақ оқыңыз