ЕО Ресейге қарсы 14-ші санкциялар пакетін дайындай бастады

Жарияланды
Шығарушы редактор
ЕО Ресейге қарсы 14-ші санкциялар пакетін дайындай бастады / shutterstock

Еуропалық одақ Ресейге қарсы 14-ші санкциялар пакетін әзірлеуге кірісті. 14-ші пакет көктемнің соңына дейін қабылдануы керек.

Еурокомиссияның вице-президенті Валдис Домбровскистің айтуынша, жаңа санкциялар пакетінде санкцияларды айналып өту жолдарын кесу және «шектеу шараларының кең тізімі» болады. ЕО теңіз арқылы Ресей өз мұнайын экспорттау кезінде баға шегін бұзуға тырысады.

Еурокомиссия Еуропадан тыс жерлерде жұмыс істейтін Батыс елдерінің еншілес компаниялары арқылы санкцияларды айналып өтуге қарсы тұру жолдарын іздеуде. Осыған байланысты Домбровскис өз филиалдарының күмәнді іскерлік операцияларына көз жұматын ұйымдардың жауапкершілікке тартылатынын айтты.

ЕО Ресейге және оның Украинаға қарсы соғысын қолдайтындарға қысым көрсетуді жалғастырмақ. 

«Путиннің достарын және Ресейге санкцияларды айналып өтуге немесе оның әскери арсеналын толықтыруға көмектесетіндердің барлығын қудалауды жалғастырамыз», – деді ол.

Еуро одақ Ресейге қарсы соңғы, 13-ші санкциялар пакетін 23 ақпанда қабылдаған. Айта кетейік, бұл күні жаппай соғыстың басталғанына 2 жыл толған. Тізімге «Ресейдің әскери және технологиялық нығаюына немесе оның қорғаныс секторының дамуына ықпал еткен» 106 жеке және 88 заңды тұлға енген. 

Сонымен қатар Ресейге экспорттауға тыйым салынған тауарлардың тізімін кеңейткен. Оның қатарына дрон жасауға арналған индукторлар мен ракета жасауда қолданылатын алюминий конденсаторлары енген.

2023 жылы 29 қыркүйекте Еуропалық комиссия сарапшылары бірқатар елдерге ескерту жасады. Атап айтқанда, Ұйым Ресейге қарсы санкциялардың қатаң сақталуын қамтамасыз етуін талап етті. Сонымен қатар тиісті шараларға мән беруге шақырды. Сынға ұшыраған мемлекеттердің арасында Қазақстан да болды.

Бұған дейін Астана бейтараптық пен көпвекторлық саясат аясында Батыстың шектеулеріне бағынатынын бірнеше рет атап өткен.

Тіпті 24 мамырда Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев: «Қазақстан Ресейге дрон мен чип жеткізіп отырған жоқ», – деп ресми мәлімдеме жасады.

Бұған БАҚ бетінде жарияланған «Қазақстаннан Ресейге дрондар мен чиптер тасымалданғаны» туралы ақпарат негіз болды.

2023 жылы 19 қазанда Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Сенат кулуарында Қазақстан Ресейге 106 тауар экспортын шектегенін мәлімдеді. Олардың арасында дрон мен чиптер де болған

Сондай-ақ оқыңыз