Мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал етеді – Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

Жарияланды
Мұнай бағасы қымбаттады / Архив: kursiv.media

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының аналитикалық орталығы 2024 жылдың сәуір айындағы қаржы нарығы қатысушыларының кезекті талдауын жариялады.

Төл валюта бағамы наурызда 0,9% нығайды. Ұлттық банктің шетел валютасын таза сату көлемі наурыздағы 250 млн доллардан сәуірде 550 млн долларға ұлғайды. Осы факторлар сарапшылардың қысқа мерзімді болжамдарын жақсартуына ықпал етті.

Теңге бағамы төмендейді

USDKZT бағамы – 454,4-тен 451,9 теңгеге дейін нығайды. Алайда сарапшылар бағам 7%-ға құлдырауы мүмкін деп болжап отыр.

«Ұзақ мерзімді перспективада ұлттық валюта бағамының әлсіреуін (қазіргі бағамнан құннан +7%) болжайды. Бұл ҚРҰБ мен Федералды резервтік жүйенің пайыздық мөлшерлемелері арасындағы дифференциалдың төмендеуіне байланысты теңгелік құралдардың тартымдылығының төмендеуіне байланысты болуы мүмкін», – деп түсіндірді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапшылары.  

Brent маркалы мұнай бағасына қатысты болжам жақсарды

Таяу Шығыстағы шиеленіс жалғасуда. Соның аясында ұшқышсыз ұшақтардың шабуылы нәтижесінде Ресей Федерациясындағы бірнеше мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы шектелді. Сондай-ақ АҚШ пен Қытай тарапынан шикізатқа сұраныс қалпына келе бастады. Бұл қаржы нарығы сарапшыларының мұнай бағасына қатысты болжамдарын жақсартты. Мамандар бір ай бұрын Brent маркасының баррелі 84,9 доллар болады деген тоқтамға келген. Қазір болжамдарын 87,3 доллар деп өзгерткен.

ЖІӨ: бір ай бұрынғы 4,4%-дан 4,7%-ға дейін өседі

«Сауалнамаға қатысушылардың пікірінше, мұнай бағасының жоғары болуы алдағы 12 айда Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсуді қамтамасыз ете алады. ОПЕК+ квотасы шегінде өндіріс көлемінің қысқаруына және Теңіздегі өндірісті ұлғайту мерзіміне қатысты белгісіздікке қарамастан, ЖІӨ өсімі 4,7% деңгейінде болжануда. Бір ай бұрын 4,4% еді», – деп хабарлады қауымдастық.

Зерттеу барысында қаржы нарығына кәсіби қатысушылардың, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің пікірлері негізге алынды.

Еске сала кетсек, Halyk Finance сарапшылары инфляцияны тежеп, экономикалық дамуды ынталандыру үшін базалық мөлшерлемені төмендету керек, деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз