Каспий теңізінің жағалауынан 100-ден астам өлі итбалық табылды

Жарияланды (жаңартылды )
ҚР АШМ gov.kz

Каспий теңізінің жағалауынан 78 итбалық ұшасы табылды. Бұл жайында Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданында мониторинг жүргізгенде белгілі болды.

Маңғыстау облыстық экология департаменті су сынамаларын алды.
Ветеринариялық станция мен гидробиология және экология институтының қызметкерлері ішкі ағзалардың тіндерін (бауыр, өкпе) ішінара зерттеді. Ал Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін азу, тырнақ және жүн сынамаларын алды. Бүгінгі күні зертханалық зерттеулер жүргізу сатысында.

Одан бөлек 8 сәуір күні инспекция қызметкерлері 25 өлі итбалық өлексесін тапқан. Балық инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар анықталған орынға шықты. Бүгінге дейін 103 өлі итбалық табылған.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалау аймағының мониторингін жалғастыруда.

Былтыр да Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңында өлі итбалықтар табылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз