КҚК Новороссийскіге қайта мұнай жөнелте бастады

Жарияланды
Шығарушы редактор
КҚК қайтадан мұнай жөнелте бастады Фото: КҚК

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалындағы 72 сағаттық жоспарлы жөндеу жұмыстары аяқталған соң, Новороссийскіге қайтадан мұнай жөнелте бастады. Бұл туралы баспасөз қызметі хабарлады.

«КҚК мұнай құбырын жоспарлы тоқтату кезеңінде теңіз терминалы нысандарындағы негізгі жұмыс аяқталған соң, 2024 жылдың 11 сәуірінде мұнай тиеу қайта жанданды», – делінген компания хабарламасында.

Каспий Құбыр Концорциумы мұнай тиеуді 9 сәуірде уақытша тоқтатқан болатын. Осы уақытта Теңіз-Новороссийск магистральдық мұнай құбырының жабдықтарын жаңалау жоспарланған.

Корцорциум мұнай жөнелту жылына екі рет 72 сағатқа тоқтайтынын атап өтті. Оның кестесі бүкіл жүк жөнелтушілер, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігімен алдын ала келісілген. Мұнай тиеуді жоспарлы тоқтату техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жұмыс істеп тұрған кезде қосуға ыңғайсыз жабдықтарды ауыстыру үшін қажет.

Сәуір айында құбырдың 266-шақырымында (салынып жатқан Атырау-Астрахань тас жолының астындағы өткел) жаңа учаскесін қосу, мұнай айдау стансаларындағы бірқатар ысырмаларды ауыстыру, құбыр ақауларын жою, төрт электр желісін ауыстыру жоспарланған. Сонымен қатар желілік бөліктегі өшіру клапандарын ашып-жапқанда реттелетін электр жетектері жаңартылады делінген.

2023 жылы КҚК құбыр жүйесімен мұнайдың басым бөлігі Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан жөнелтілді. 2024 жылға қарай КҚК-ның өткізу мүмкіндігін жылына 80 млн тоннаға жеткізу жоспарланып отыр.

ҚК қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты, бұл құбыр арқылы елде өндірілген «қара алатынның» үштен екі бөлігінен астамы тасымалданады. Бұл құбырмен жылына шамамен 61 млн тонна мұнай жөнелтіледі.

КҚК акционерлері: Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі федералдық агенттік атынан «Транснефть» ЖАҚ (сенімгерлікпен басқару) – 24%, «КТК Компани» ҰК – 7 %, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ – 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC – 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company – 15%, LUKARCO B.V. – 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company – 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited – 7,5%, BG Overseas Holdings Limited – 2%, Eni International N.A. N.V. S.ar.l. – 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC – 1,75%.

Сондай-ақ оқыңыз