Жыл басынан бері Kase индексі 21,3%, яғни 5 077,84 тармаққа дейін өсті. 2024 жылы 1 сәуірдегі жағдай бойынша KASE индексін есептеу үшін өкілдік тізімде 10 компанияның акциялары бар. 1 наурыздан бастап KASE индексінің есебіне Air Astana акциялары енгізілген.
Биржаның 2024 жылдың бірінші тоқсанына байланысты есебіне сүйенсек, нарықтағы индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 42,6 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 13,2 млрд теңгеге төмен болған. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі Air Astana-ның қарапайым акцияларына тиесілі – 8,5 млрд теңге.
Kase индексіндегі 10 компанияның акциясының ішінде 7 акция 2024 жылдың бірінші тоқсанын жасыл аймақта аяқтаған. Телекоммуникация және қаржы секторының компанияларының акциялары ең жақсы динамиканы көрсеткен. Мұнай-газ және энергетика секторларындағы компаниялардың акциялары төмендеген.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ең үлкен өсім «Кселл» қарапайым акцияларында, олар 61,9% өскен. Компанияның 2023 жылғы жалпы түсімі 227,5 млрд теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 2,8% ұлғайды. Сервистік түсім 9,6%, 190,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте таза пайда 7,5 млрд теңгеге төмендеп, 33 млрд теңгені құрады. Таза пайданың төмендеуі өз желісін дамыту мен модернизациялауға арналған күрделі шығындардың өсуіне, сондай-ақ 5G байланыс технологиясын қолдануға инвестицияларға жұмсалған.
2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша екінші орында «ЦентрКредит Банкі» қарапайым акциялары тұр. Олар 54,2% өскен. 2024 жылы 19 наурызда S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі банктің рейтингін қайта қарап ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «BB-/B»деңгейінде растады.
30,2% өсіммен «Қазақстан Халық банкінің» қарапайым акциялары үздік үштікті тұйықтады. Банктің 2023 жылғы қаржылық нәтижелеріне сәйкес таза пайда 21,8%. Яғни 693,4 млрд теңгеге дейін ұлғайған. 2023 жылы пайыздық кірістер 33,8%, пайыздық шығыстар 2022 жылмен салыстырғанда 48,6% өсті. Нәтижесінде таза пайыздық кіріс 21,1% болды. 2024 жылғы 19 наурызда S&P Global Ratings банктің рейтингтерін «BB+/B»деңгейінде растады. 2024 жылғы 20 наурызда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін «тұрақты» болжамымен «BBB -» деңгейінде растады.
Kaspi.kz акциялары бір қарапайым акция үшін 57 500,00 теңге белгісіне жетіп, бағасына 26,1% қосылды. Kaspi.kz Nasdaq арқылы 1 АДҚ үшін 92 доллар бағасымен 11,3 миллион америкалық депозитарлық қолхаттарды (АДҚ) орналастырып, 1,0 миллиард АҚШ долларын тартты. Аудиттелмеген жылдық есептілігіне сәйкес компанияның кірісі 51%, таза пайдасы 44%, активтері 33,2%, міндеттемелері 33%-ға өсті. Бұл ретте компанияның Директорлар кеңесі акционерлерге акция үшін 850 теңге мөлшерінде дивидендтер төлеуді ұсынды. Акционерлер жиналысы 2024 жылдың 8 сәуірінде өтті.
«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының «қарапайым акциялары бірінші тоқсанда бағасынан 0,9% жоғалтты». Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Қазатомөнеркәсіп» рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB – «- ден BBB» – ге дейін көтерді. Компанияның 2023 жылдағы өндірістік нәтижелеріне сәйкес, Топ бойынша сату көлемі 94%-ға өсті. Ал шоғырландырылған еншілес және тәуелді ұйымдарды есепке алмағанда сату көлемі 185%-ға өсті. Компанияның 2023 жылдағы қаржылық нәтижелеріне сәйкес Топтың шоғырландырылған кірісі 43%-ға 1 434,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды, ал таза пайда 23%-ға 580,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл өсім сатудың орташа бағасының және сату көлемінің өсуімен байланысты.
Бұған дейін Air Astana LSE, AIX және KASE-де IPO барысында 120 миллион доллар тартуға ниетті екенін хабарланған.