Жаңалықтар

АҚШ-тың Энергетика министрлігі Қазақстанда мұнай мен конденсат өндірісі артады деп болжады

Болжам: Қазақстанда мұнай және конденсат өндіру артады / Архив: kursiv.media

АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) Қазақстандағы 2024-2025 жылдарға арналған мұнай және конденсат өндіру бойынша болжамын жақсартты.

Нақты сандарға тоқталсақ

Департаменттің сәуір айындағы болжамы бойынша, 2024 жылы Қазақстан тәулігіне 1,97 млн ​​баррель мұнай мен конденсат өндіреді. Наурызда болжам бойынша тәулігіне 1,95 млн баррель. Ел екінші тоқсанда тәулігіне 1,95 миллион баррель. Үшінші тоқсанда – 1,94 миллион баррель. Ал төртінші тоқсанда – 2 миллион баррель өндіре алады.

Бұл болжам негізінен нақты көрсеткіштерге сәйкес келеді. Осылайша, қаңтарда Қазақстанда сұйық көмірсутектерді өндіру орта есеппен тәулігіне 1,97 млн ​​баррельді құрады.

«2025 жылы болжам бойынша Қазақстан тәулігіне 2,08 млн баррельден астам шикізат өндіреді. Атап айтқанда, бірінші тоқсанда өндіріс 2,06 миллион баррель, екіншіде – 2,09 миллион баррель, үшіншіде – 1,99 миллион баррель, төртіншіде – 2,16 миллион баррельді құрайды», – деп жазылған хабарламада.

Жалпы АҚШ Энергетика министрлігінің болжамы ОПЕК-тің болжамына ұқсас. Ұйым Қазақстанда 2024 және 2025 жылдары сұйық көмірсутегін өндіру 1,9 миллион баррельді және тәулігіне 2,1 миллион баррельді құрайтынын жазған.

Мұнайға әлемдік сұраныс артады

Сонымен қатар EIA Азия, Таяу Шығыс және Америка Құрама Штаттары елдері есебінен мұнайға әлемдік сұраныстың өсуін болжайды. Мысалы, Қытайда 2024 жылы мұнайға сұраныс 260 мыңға артып, 2024 жылы 16,3 миллион баррельді құрайды. Үндістанда – 280 мыңнан 5,6 млн баррельге өседі. АҚШ-та – 200 мыңға – 5,9 млн баррельге жетеді. Ал Таяу Шығыста – 140 мыңға – 9,7 млн ​​баррельге жақындайды.

EIA сондай-ақ Brent маркалы мұнай бағасы 2024 жылдың екінші тоқсанында барреліне орташа есеппен 90 долларға және 2024 жылы орташа есеппен 89 доллар болады деп болжайды. Қазіргі уақытта Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері 89,9 долларға сатылуда.

«Сонымен қатар биылғы жылы жазда аптап ыстық болады. Ол өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйлердің электр қуатын тұтынуын 4 пайызға дерлік арттырады», – деп жазды сарапшылар.

Бұған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал етеді, деп хабарлады.

Мамандар бір ай бұрын Brent маркасының баррелі 84,9 доллар болады деген тоқтамға келген. Қазір болжамдарын 87,3 доллар деп өзгерткен.