Жаңалықтар

Тәжікстан Президенті Қазақстанға көмектесуге дайын екендерін мәлімдеді

kursiv.media

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттердің басшылары бірін-бірі барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Ораза айт мейрамымен құттықтап, Қазақстан мен Тәжікстан халқына бақ-береке тіледі.

Тәжікстан Президенті елдің кейбір облыстарындағы төтенше жағдайдан хабардар болып отырғанын, мемлекеттің бауырлас елге көмектесуге дайын екендерін айтты.

Тоқаев Тәжікстан Президентіне пейіл білдіргені үшін алғыс айтып, қазіргі таңда су тасқынымен күрес жұмыстары толықтай бақылауда екенін, Үкімет апат салдарын жою үшін барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын айтты.

Тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі нығайту перспективасын талқылады. Екі елдің үкіметтеріне саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда бірлесе атқаратын іс-шараларды жүзеге асыру тапсырылды. Мемлекеттер басшылары қазіргі халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.