Атырау облысының кен орындарындағы төрт ұңғыма су астында қалды

Жарияланды (жаңартылды )
ҚР ТЖМ ӨҚК gov.kz

Атырау облысының мұнай-газ кен орындарындағы төрт ұңғыма су астында қалды. «Ембімұнайгаз»АҚ «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты «Шығыс Уаз» кен орнындағы №101, №106, №116  ұңғымаларын су басты. Бұл жердегі бөгеттің жанына төселген құм салынған қаптардың үстіне топырақ төгілуде. Сондай-ақ Сағыз өзеніне суды НБ-50 сорғымен айдау жұмысы жүргізілуде. Төрт адам екі арнайы техникамен жұмыс істеуде.

 Ал «Жаңа Мақат» кен орнындағы № Е7  ұңғымасын сақтау үшін («5А Ойл» ЖШС) үйінділерді салу және қалпына келтіру жұмысы аяқталды. Жалпы төрт ұңғыма жұмысы уақтылы тоқтатылды. Облыстың қалған кен орындарындағы жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда.

Айта кетейік, 7 сәуір күні Атырау облысында төтенше жағдай жарияланған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз