Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ең қажетті заттардың тізімі жарияланды

Жарияланды (жаңартылды )
Бүгінге дейін Астана аймақтарға 700 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жөнелтті /Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елордадан өңірлерге гуманитарлық көмек жіберіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясы штабы су тасқыны кезінде керек болатын заттардың тізімін жариялады.

«Жастар ассамблеясы» РҚБ төрағасы, ҚХА штабы басшысының көмек көрсету жөніндегі орынбасары Тимур Жұмырбаевтың айтуынша қазір ең қажетті тауарлар – резеңке аяқ киім, құмға арналған дорбалар, күректер, құрылыс материалдары, ауызсу.

Су тасқыны басталғаннан бері ҚХА ұйымының қайырымдылық жобасы зардап шеккен аймақтарға 385 тонна азық-түлік пен ең қажетті тауарлар жіберді. Ақпаратқа сәйкес, көрсетілген көмектің жалпы сомасы шамамен 400 миллион теңгені құрайды. Бұл жолы Солтүстік Қазақстан өңіріне 35 тонна гуманитарлық көмек жөнелтілді.

«Республикалық штаб жұмысы аясында су тасқынынан көп зардап шеккен аймақтарды аралап жүрміз. Біз жергілікті жерде волонтерлік топтардың жұмысын үйлестіріп, гуманитарлық көмек таратамыз. Су басқан өңірлердің тұрғындарымен де кездесіп тұрамыз, өйткені мұндай сәтте психологиялық қолдау көрсету өте маңызды», деді Тимур Жұмырбаев.

ҚХА-ның қайырымдылық жобасына қазақстандық тәжіктердің республикалық этномәдени орталығының кәсіпкерлері қолдау көрсеткен. Гуманитарлық көмекті жинау әлі де жалғасуда.

Наурыз айының соңында Астананың волонтерлық штабы Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккендерге волонтерлық және қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп гуманитарлық көмек жинай бастаған болатын.

Волонтерлық штабтардың мекенжайлары мен байланыс нөмірлері: 

  • Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 5-қабат. «Астана жастары» КММ Қалалық волонтерлік штаб; Жұмыс кестесі: 09:00-ден 20:00-ге дейін. Қосымша барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 (701) 356-22-96, Эльвира.
  • Астана қаласы, Петров көшесі, 7. «LIDER.KZ» волонтерлер қозғалысы. Жұмыс кестесі: 09:00-ден 19:00-ге дейін; Тел: +7701 429 1076 Татьяна;
  • Астана қаласы, Қалдаяқов көшесі, 11. «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы; Тәулік бойы, уақытты нақтылау қажет. Тел: +7707 947 7562 Салтанат;
  • Астана қаласы, «Саранда» ТК, Әл-Фараби көшесі, 16-үй; «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы;Тәулік бойы, уақытты нақтылау қажет. Тел: +7701 177 3862 Татьяна;
  • Астана қаласы, Тамшалы көшесі, 24; «QANAT» волонтерлер қозғалысы;Жұмыс кестесін нақтылау қажет, Тел: +7747 585 6202 – Меруерт, +7702 759 9447 – Бибігүл;
  • Астана қаласы, М. Жұмабаев көшесі, 21б. «Ерекше әлем» ҚҚ. Жұмыс кестесі: 11:00-ден 22:00-ге дейін.  Тел: +7701 959 3611 – Ботакөз;
  • Астана қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 26; «Клуб Добряков Астаны. Жұмыс кестесі: Жексенбі 14.00-ден 18.00-ге дейін, қалған күндері алдын ала хабарласу керек. Тел: +7777 866 7711 – Динара;
  • Астана қаласы, Қарасай батыр көшесі, 2. “Истоки добра»,  Жұмыс кестесі: дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, жексенбі 13.00-ден 17.00-ге дейін. Тел: +7701 405 8207 – Динара;
  • Астана қаласы, Уәлиханов көшесі, 25/2. «Жақсылық жаса» волонтерлер қозғалысы; Жұмыс кестесін нақтылау қажет, Тел: +7775 308 6604 – Жанна.
Сондай-ақ оқыңыз