Ақпан айында Қазақстандағы мұнай өндірісі қысқарды – ОПЕК

Жарияланды
Қазақстандағы мұнай өндірісі қаншаға қысқарды? Фото: shutterstock

Қазақстанда ақпан айындағы мұнай өндіру қаңтармен салыстырғанда тәулігіне 13 мың баррельге қысқарып, күн сайынғы өнім 1,96 млн баррельге дейін төмендеді. Бұл туралы Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) сәуірдегі баяндамасында айтылды.

ОПЕК мәліметі бойынша, Қазақстанның ақпан айындағы сұйық көмірсутек өндірісі алдыңғы аймен салыстырғанда тәулігіне 13 мың баррельге азайып, орта есеппен тәулігіне 2 млн баррельді құраған.

Қазақстанда 2024 жылы мұнай өндірісінің орташа тәуліктік көлемі шамамен 1,9 млн баррель, 2025 жылы 2,1 млн баррель деңгейінде болады деп болжануда. Мұндай боджамды ұйым наурыз айындағы баяндамасында да жасаған болатын. Биыл Қашаған кен орнында мұнай мен Қарашығанақтағы газ конденсатын өндіру көлемі шамалы артуы мүмкін.

АҚШ Энергетика министрлігінің Энергетикалық ақпарат басқармасы (EIA) да Қазақстандағы 2024-2025 жылдарға арналған мұнай және мұнай конденсаты өндірісіне қатысты болжамын жақсартқан. Департаменттің сәуір айындағы болжамы бойынша, 2024 жылы Қазақстан тәулігіне 1,97 млн ​​баррель мұнай мен конденсат өндіреді. Ал екінші тоқсанда тәулігіне 1,95 миллион баррель, ІІІ тоқсанда – 1,94 млн, IV тоқсанда – 2 миллион баррель өндіре алады.

Айта кетейік, Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісін қысқартуды жалғастырады. Биыл мұнай көлемін күніне 82 мың баррельге қысқарту жоспарланған. Бұл туралы наурызда Энергетика министрлігі мәлімдеген болатын.

 Егер осы көлемде қысқаратын болса, Қазақстан 2024 жылдың маусым айының соңына дейін тәулігіне 1,468 млн баррель мұнай өндіретін болады. Болашақта нарық тұрақтылығын сақтау мақсатында өндірістің бұл қосымша көлемі біртіндеп қайта қалпына келтіріледі.

Сондай-ақ оқыңыз