Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумы 2025 жылы өткізіледі

Жарияланды (жаңартылды )
ҚР ӨҚМ gov.kz

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстан машина жасаушыларының ХІІ форумының уақыты кейінге шегерілгенін хабарлады. Бұл форумды биыл 25-26 сәуірде өткізу жоспарланған еді. Ауқымды іс-шара 2025 жылы ұйымдастырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес, министрлік зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру және жүзеге асыру жөніндегі жауапты орган болып тағайындалды. Сол себепті форумды өткізу кейінгі ысырылды.

ХII форумда  аталған министрлік «Kazakhstan Machinery Fair 2025» Халықаралық мамандандырылған машина жасау және металл өңдеу көрмесін назарға ұсынуды жоспарлаған еді. Маңызды диалогтрада тандық машина жасауды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және инновациялар мен технологиялар саласындағы озық тәжірибе алмасу мәселесін талқылау көзделген.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 13-14 маусымында болатын Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады.

 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жойқын су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін басқа шараларға жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу қажет екенін ескере отырып, биылғы 13-14 маусымға жоспарланған Астана халықаралық форумын өткізбеу туралы шешім қабылдады», – деп мәлім етті Ақорда баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыз