Қазақстан ОПЕК+ келісім бойынша наурыз айында өз міндеттемелерін тәулігіне 131 мың баррельге асырды. Бұл климаттық жағдайларға және жылыту маусымының ұзақтығына байланысты.
«Қазақстан 1-тоқсанда өз міндеттемелерін орындау және артық өндірісті өтеу үшін барлық күш-жігерін салуды жалғастырады. Сондай-ақ бірлескен министрлік мониторинг комитетінің 53-ші отырысының шешіміне сәйкес Қазақстан 2024 жылғы 30 сәуірге қарай ОПЕК хатшылығына өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын ұсынады. Бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты», – делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында.
ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 53-отырысында комитет Қазақстан мен Ирак Республикасының өзара міндеттемені толық сақтау және артық өндірісті өтеу туралы келісімін мақұлдады. Ресей Федерациясысының өндіріс есебінен ерікті түрде қысқарту жөніндегі шешімі де құпталды.