Ақтөбе облысындағы мұнай-газ кен орындарына қауіп төнуде

Жарияланды (жаңартылды )
ҚР ТЖМ ӨҚК / gov.kz

Ақтөбе облысындағы мұнай-газ кен орындарында өндіріс нысандарын сақтау шаралары жүргізілуде. Темір өзенінің жайылмасындағы «ҚМК Мұнай» АҚ Көкжиде кен орнындағы 7 ұңғыманы су басқан. Су деңгейі төмендегімен, қауіп сейілген жоқ. Бұл жөнінде ҚР Өнеркәсіп министрлігі хабарлады.

Бұған дейін қауіпсіздік мақсатында мұнай-газ кен орындарында 116 ұңғыма, 2 АГЗУ уақытша қуат көзінен ажыратылған. Кеңқияқ кен орнында «Ақтөбемұнайгаз» СНПС АҚ «Кеңқияқмұнай» Мұнай-газ өндіру басқармасы 440 ұңғыманы, «Фирма Адаойл» ЖШС Башенкөл кен орнында 24 ұңғыманы, 2 АГЗУ, 1 мультифазалы сорғыны, Қожасай кен орнында «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС 1 ұңғыманы уақытша тоқтатты. Барлық ұңғыма тығыздалды.

«Кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеуде. Темір өзеніндегі су бұру бөгетін нығайту жұмыстары жалғасуда. Оған 37 бірлік техника және 250 адам жұмылдырылды. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде. Облыстың қалған  кен орындарындағы жағдай бірқалыпты және тұрақты бақылауда», – деп хабарлады аталған министрліктің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті.

Бұған дейін Атырау облысында ұңғымаларды су басқаны мәлім болды.

Сондай-ақ оқыңыз