Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне негізсіз сыйақы беруге 13,4 млн теңге жұмсаған

Жарияланды
Мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне негізсіз сыйақы беруге 13,4 млн теңге жұмсаған / shutterstock

Ақмола облысының Степногорск қаласында мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне негізсіз сыйақы төлеуге 13,4 млн теңге жұмсаған.

Облыстық прокуратура ақпаратына сүйенсек, Степногорск қаласының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында мемлекеттік органның қызметкерлеріне негізсіз сыйлықақы төлеу фактілерін анықтаған.

«Мемлекеттік мекеме 2 жыл ішінде заңнамада белгіленген шығыстардың түрлері бойынша үнемдеу болмаған кезде қызметкерлерге 13,4 млн теңге сомасына негізсіз сыйлықақы бергені анықталды», – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, 3 ай ішінде мекеме 6 қызметкерге 6,6 млн теңге сыйақы берген. Яғни әр қызметкерге 1 млн теңгеден көп сыйақы берген.

Прокуратура жұмсалған қаржыны бюджетке қайтару мәселесін қарастырып жатыр. Мемлекеттік мекемеге қадағалау актісін енгізген.

Осыған дейін Ақмола облысының табиғат қорғау прокуратурасы тексеру жүргізгеннен кейін 420 гектардан астам орманды сақтап қалған.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, прокурорлар орман шаруашылықтары мен ұлттық парктердің орманды кесу көлемін негізсіз асыра көп есептеу фактілерін анықтады.

«Анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді», – делінген хабарламада.

Тексеру жұмыстары нәтижесінде 16 орман шаруашылығы мен ұлттық парктер кесуге тырысқан 108,9 мың текше метр орманның 46% немесе 50 мың текше метрден астамы кесілмейтін болды. Жалпы алғанда прокурорлар 420 гектардан астам орманды сақтап қалды.

Сондай-ақ оқыңыз