Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бірігіп салатын Қамбар ата ГЭС-1 құрылысы қалай қаржыландырылады

Жарияланды
Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бірігіп салатын Қамбар ата ГЭС-1 құрылысы қалай қаржыландырылады / shutterstock

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкіметтері Қырғызстандағы Нарын өзенінде Қамбарата су электр станциясын (ГЭС-1) салу туралы келісім жасайды.

«Келісімнің мақсаты Қырғыз Республикасындағы Нарын өзенінде Қамбар ата ГЭС-1 салу жобасын іске асыру және одан әрі пайдалану шеңберінде тараптар арасындағы ынтымақтастық шарттарын айқындау», – делінген Қазақстан Энергетика министрлігі жариялаған «Ашық НҚА» жүйесіндегі құжатта.

Жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары: 

Тараптар айқындайтын ұйымдар(мемлекеттік органдар – ред.) Қамбар ата ГЭС-1 өндірілетін электр энергиясының барлық көлемін сатып алу. Консенсус негізінде шешімдер қабылдау және келісілген су жіберу көлемін қамтамасыз етуді ескере отырып, электр станциясының жұмыс режимін басқарады.

Келісімді үйлестіруге және орындауға жауапты құзыретті органдар әрбір республиканың Энергетика министрліктері болады. Әр елдің үкіметі келісімді іске асыру үшін уәкілетті ұйымды дербес айқындайды.

Тараптар Қырғызстан заңнамасына сәйкес осы ел аумағында жеке акционерлік қоғам құрады. Ол Қырғызстанға – 34%, Қазақстанға және Өзбекстанға – 33%-дан тиесілі болады. Компанияның құрылтайшысы әр тарапты дербес анықтайды.

Жобаны қаржыландырудың негізгі көздері компания құрылтайшыларының жеке қаражаты. Сондай-ақ құрылтайшылар халықаралық қаржы институттары мен коммерциялық банктерден қарыз алуға құқылы. 

Жекелеген келісімдерде немесе жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту қорытындылары бойынша осы келісімге толықтырумен айқындайтын және келісетін болады. Жобаны іске асыру кезеңі аяқталғаннан кейін, Қамбар ата ГЭС-1 акциялары мен активтері толығымен Қырғызстанның меншігіне өтеді. 

Келісімге Бішкек қаласында қазақ, қырғыз, өзбек және орыс тілдерінде қол қойылады. Барлық мәтіннің күші бірдей, алайда келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады. 

Қазақстанда «Ашық НҚА» жүйесінде келісім жобасын талқылау 26 сәуірге дейін жалғасады.

Дүниежүзілік банк Қырғызстандағы Қамбар-Ата ГЭС-1 құрылысына 500 миллион доллар бөлуге дайын. Бұл туралы 5 наурызда елдің энергетика министрі Таалайбек Ибраев мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз