«Қазмұнайгаз» акцияларының бағасы 1,8% өсіп, биржада оң динамика көрсетті – Freedom Broker

Жарияланды (жаңартылды )
«Қазмұнайгаз» акциялары қымбаттады / Фото: ҚМГ баспасөз қызметі

Freedom Broker Қазақстан қор биржасына кезекті шолуын жариялады. Оған сәйкес, бірнеше қазақстандық компанияның құнды қағазы қымбаттағанын байқауға болады. 

Мәселен, «Қазмұнайгаз» акциялары 1,8%-ға қымбаттады

«Компания бағалы қағаздары IPO-дан кейін қалыптасқан ұзақ мерзімді өсу тенденциясы бойынша ілгері жылжып барады. Алдағы уақытта да компания бағалы қағаздары өседі», – деп жазды сарапшылар. 

Freedom Broker сарапшыларының шолуына сүйенсек, бұған дейін Kaspi акциялары осыған ұқсас динамика көрсеткен. 

«Компания акциялары ең жоғары меже 27%-ға өсті», – деп жазды мамандар. 

Бұған дейін KASE индексі 0,6%-ға өсті. 3 сәуірден 10 сәуірге дейін нарықта 6 сауда сессиясы төмен нәтижемен аяқталды. Ал бүгін бұл тенденция тоқтағанын байқауға болады.  

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2023 жылдың қаржылық есебін жариялады. Есеп бойынша, Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясының түсімі 8 320 млрд теңгені (18 236 млн АҚШ доллары) құрады. Былтыр бұл көресткіш 8 693 млрд теңге (18 860 млн АҚШ доллары) болатын. Демек түсім 4,2% төмендеген.

EBITDA көрсеткіші 1 995 млрд теңге (4 372 млн АҚШ доллары) болды. 2022 жылы 2 536 млрд теңгеге (5 502 млн АҚШ доллары) жеткен. Ұлттық компанияның бос қаражат айналымы 11,8%-ға төмендеді. 

Сондай-ақ оқыңыз