БҰҰ Қазақстанның тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғайтын жаңа заңды қабылдағанын құптады

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қорғайтын заңда айыпталушыны қылмыстық жауапкершілікке тарту тетігі нығайды.

«Бұл гендерлік зорлық-зомбылықты жою жолындағы алға жасалған қадам», – дейді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Строй.

Микаэла адам құқығын, әсіресе, балалар мен әлжуаз топтарды қорғауға арналған шаралардың тиімділігін атап өтті.

«Бұл маңызды қадам гендерлік теңдікті ілгерілетіп қана қоймайды, сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің өмірін қалпына келтіру үшін сот төрелігі мен қолдау қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз етеді», – деді ол.

2024 жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң бойынша отбасы институтын нығайту мақсатында адам денсаулығына жеңіл түрде зақым жасалғаны үшін жаза қатаңдады. Оған қоса, неке құру, отбасыны сақтауға байланысты жаңа ұстанымдар қарастырылды. Әйел мен балаларды қорғау, отбасылық мәселелер бойынша байланыс орталықтарының құқықтық негіздері айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыз