ЕЭК бағалы металдар мен олардан жасалатын бұйымдарды импорттау мен экспорттау тәртібін жеңілдетті

Жарияланды (жаңартылды )
ЕЭК бағалы металдарды әкелу және алып кету ережелерін жеңілдетті / Коллаж: kursiv.media

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасы бағалы металдар мен құрамында құнды металл қоспасы бар тауарларды әкелу және алып кету ережелерін жеңілдетті. Атап айтқанда, комиссия құрамында бағалы металдардың үлесі салмағының 2%-нан аспайтын тауарларды алып тастады.

Түзетілген ережеде мемлекеттік бақылау кезінде құжаттардың түпнұсқасын емес, көшірмелерін ұсынуға болатыны айтылған. Себебі оларды электронды түрде алуға болады. Оның ішінде экспорттық лицензия және тауарлардың спецификациясы бар.

Жаңа ережеге сәйкес тауарларды кеден одағының аумағынан тыс жерлерде қайта өңдеу шарттарын сипаттайтын құжаттың болуы талабы алынып тасталды. Тауарларды жөндеу үшін ЕАЭО шегінен тыс жерге алып кету үшін ғана кедендік рәсім қажет болады.

«Өзгерістер бағалы металдардың жекелеген санаттарының импорты мен экспортын қадағалауға, мемлекеттік бақылаудан өтуді жеңілдетуге, сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың мемлекеттік органдарға ұсынатын құжаттар тізбесін оңтайландыруға, сондай-ақ бірыңғай тарифтік емес реттеуді қолдануға бағытталған», – деп түсіндірді ЕЭК кедендік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваган Казарян.

Шешім ресми жарияланған күннен бастап 30 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Еске сала кетсек, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы бағалы металдардың қалдықтары мен сынығына қатысты кедендік әкелу бажының нөлдік ставкаларын қолдану мерзімін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты.

Сондай-ақ оқыңыз