Ресей рублінің күрт құнсыздануы теңге бағамына қосымша қысым тудыруы мүмкін – Экономист

Жарияланды (жаңартылды )
Business News бөлімінің редакторы
рубльінің
Фото: shutterstock.com

15 сәуір күнгі сауда-саттықта Ресей рублінің долларға қатысты бағамы қатты әлсіреп, 1 доллар 93,6 рубльді құрады. Экономистер көрші ел валютасының күрт құнсыздауы теңгені қосымша қысымға ұшыратады деп тұжырымдайды.

Ресей валютасының бұлай арзандауы – кейінгі жарты жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Оған Ресей Орталық банкінің кор биржасында сатылатын шетел валютасын күніне 7,1 млрд рубльден 0,6 млрд рубльге дейін төмендету туралы шешімі ықпал еткен.

Экономист Ғалымжан Айтқазинов рубль бағамына Ресейге достық пиғылдағы мемлекеттерді қоса алғанда, контрагенттер төлемінің кешігуі қосымша қысым көрсеткенін жазады. Бұл өз кезегінде экспорт-импорт көрсеткіші мен нақты валюталық түсім арасында айырмашылық тудырады. Нәтижесінде биржада шетел валютасына деген сұраныс артып, ол тағы да рубль бағамына кері әсер етеді.

Экономист Ресей валютасының арзандауы Қазақстанның валюта нарығына айтарлықтай сын-қатер екенін айтады. Өйткені өзге валюталар бағамы тең болып тұрғанда, Ресей рублінің қатты құнсыздануы теңгеге қосымша қысым тудырады. Ал Ресей – Қазақстанның ірі экономикалық серіктесі.

«Қалай болғанда да, Ресей секілді негізгі сауда-экономикалық әріптестің ұлттық валютасының әлсіреуінен туындайтын тәуекел факторы Қазақстан үшін маңызды. Өйткені, басқа валюталар тең болғанда, рубльдіңқатты әлсіреуі, біздің валюта нарығымызға және теңге бағамына белгілі бір қысым жасайды. Теңге бағамы рубльмен тікелей байланысты болмаса да, тығыз экономкалық байланыстар негізінде үлкен әсер етеді», – дейді Айтқазинов.

Наурыз айында теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, 1 доллар 446,77 теңгені құраған. 

Ұлттық банктің 16 сәуірдегі ресми валюта бағамы бойынша, 1 доллар 148,5 теңгеге тең. Рубльдің теңгеге қатысты бағамы 4,79 теңгені құрап тұр. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының сарапщылары алдағы уақытта теңге құнсыздануы мүмкін деген болжам жасаған.

2024 жылдың наурыз айында ресей рублін биржадан тыс сатып алу 2,5 есе азайған. Өткен айда банктер биржадан тыс 4,3 млрд Ресей рублін сатып алған.

Сондай-ақ оқыңыз