Сингапурде барлық компания қызметкерлерге икемді жұмыс кестесін ұсынуға міндеттелді

Жарияланды
Сингапурде барлық компания қызметкерлерге икемді жұмыс кестесін ұсынуға міндеттелді / shutterstock

1 желтоқсаннан бастап Сингапурде барлық компания қызметкерлерге икемді жұмыс кестесін таңдауға мүмкіндік беруге міндеттеледі.

Bloomberg ақпаратына сүйенсек, жұмысшылар төрт күндік жұмыс аптасын, үйдегі жұмыс күндерін талап ете алады. Бұл талантты қызметкерлерді ел компанияларында ұстап тұру үшін жасалған.

Жаңа бұйрықты 16 сәуірде елдің Еңбек министрлігі, Ұлттық кәсіподақтар конгресі және Ұлттық Жұмыс берушілер Федерациясы құрған үшжақты әділ және прогрессивті жұмыспен қамту тәжірибесі альянсы жариялады. Осы жылдың соңына дейін қызметкерлер икемді жұмыс жағдайлары сияқты басқа шарттарды сұрауға құқылы болады.

«Икемді жұмыс кестесіне ауысу жұмыс істейтін әйелдер және егде жастағы қызметкер үшін жұмысқа бару және қайту қиындағандықтан талқыланып отыр», – деді жұмыс тобының төрағасы Йео Ван Линг.

Нұсқаулық әзірге заң бойынша міндетті емес. Алайда Сингапурдағы барлық компания қызметкерлерге икемді жұмыс кестесін ұсыну туралы сұраныс дайындауға міндетті. Қызметкерлер ұсынысты қарап шешім қабылдағаннан кейін, компаниямен бірлесе отырып икемді жұмыс кестесіне ауысуға өтініш бере алады. Жұмыс беруші еңбек өнімділігін бағалай отырып, сұранысты қабылдау немесе бас тарту туралы шешім шығарады.

Айта кетейік, осыған дейін талантты қызметкерлерді жұмыста ұстап қалу, оларға еңбек еркіндігін беруге қатысты нұсқаулықтарды Ирландия мен Ұлыбритания жария еткен. Бұл шешім 2020 жылғы пандемиядан кейін жасалған. Қызметкерлерге еңбек еркіндігін беру компаниялардың табысына әсер ететін факторға айналғаны дәлелденген.

Қазақстанда әлеуметтік кодекстің қабылдануына байланысты Еңбек кодексіне де бірқатар жаңалықтар енгізілген. Атап айтқанда, 2023 жылдың шілдесінен бастап, 4 күндік жұмыс аптасын, икемді жұмыс кестесі енгізіліп, такси жүргізушілері мен курьерлердің жұмысы заңмен реттеліп, салық төлей бастайды. 

Сондай-ақ оқыңыз