Еуро Одақ санкцияларын айналып өткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Жарияланды
Еуро Одақ санкцияларын айналып өткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады / shutterstock

Еуро Одақтың санкциялық режимін бұзғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын заң бекітілді. Бұл ЕО елдерінің азаматтарына ғана емес, сонымен қатар санкцияға ілінген өзге ел азаматтарына да қатысты болады.

Одаққа мүше елдер санкциялық режимді бұзғаны үшін бірыңғай қылмыстық жауапкершілік стандартын қарастыратын жалпы еуропалық заңды мақұлдады. Енді санкцияға ілінген азаматтарға ЕО аумағына заңсыз кіруге көмектесу, санкцияланған тауарларды сату-сатып алу немесе санкцияланған адамдар мен компаниялардың мүдделері үшін тыйым салынған қаржылық операцияларды жүргізу Одақтың барлық елдерінде қылмыстық құқық бұзушылық болады.

Еуро Одақ кеңесіне мұндай заңды қабылдау үшін бір жарым жыл қажет болды. Алғаш заңды 2022 жылдың желтоқсан айының басында Еурокомиссия ұсынған болатын. Ол сол кезде ЕО тарапынан шектеу шаралары күшейген сайын оларды айналып өту жолдары көбейіп кеткені айтылған. 2023 жылдың желтоқсанында ЕО кеңесі санкциялық режимді бұзуды қылмыстық істер қатарына қосудың жолдарын іздеуді бастаған. 2024 жылдың наурызында Еуропарламент аталмыш заң жобасын толық жасап шықты. 

Енді заң жобасы Одақтың ресми журналында жария болуы қажет. Жария болғаннан күннен 20 күн өткенде заң күшіне енеді. Алайда Одаққа мүше елдер заңды біртіндеп енгізуге 12 ай ала алады.

Ресейдің Украинаға толыққанды басып кіргеніне екі жыл толған кезде Еуропа Одағы мен АҚШ Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін енгізді. Тізімде ЕО релизінде айтылғандай, «Ресей әскери-өнеркәсіптік кешенін қолдаған» және «сауда шектеулерін айналып өтуге қатысқан» Қазақстаннан келген компаниялар да болды

Еуро Одақ пен АҚШ-тың екінші мәрте санкцияларына қазақстандық Еlem Group тап болған. АҚШ Қаржы министрлігі Еlem Group АҚШ-та тіркелгенімен, Ресейде жұмыс істейтін STRELOI EKOMMERTS компаниясына тыйым салынған тауарларды жеткізген.

АҚШ санкцияларына ұшыраған екінші қазақстандық Da Group22 компаниясы, Америка билігінің мәліметтері бойынша, Германиядан ELIX ST компаниясының тауарларын сатып алып, ресейлік компанияға сатқан. Тауарда әскери қорғаныс күштері болған.

Da Group22 Астанада 2022 жылдың наурызында тіркеліп, 2024 жылдың қаңтарында қайта тіркеуден өткен. Компания электронды және телекоммуникациялық жабдықтардың көтерме саудасымен айналысады.

Сондай-ақ оқыңыз