Наурызда жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдеді, 5 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды

Жарияланды
Алматыда инфляция
Наурызда 14 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеді / Фото: kursiv.media

Наурыз айында елде жылдық инфляция баяулап, 9,1%-ды (ақпанда – 9,3%) құрады. Жылдық инфляция 14 өңірде бәсеңдеді. 5 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді.

Наурызда азық-түлік тауарларының бағасы 6,9%-ға дейін баяулады (ақпанда – 7,4%). Осы топтағы тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (10,5%) барынша қарқынды, ал Алматы облысында (4,3%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 8,2%-ға дейін бәсеңдеді (ақпанда – 8,5%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,2%), ең төменгі мән Жетісу облысында (6,5%) тіркелді.

Наурызда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы 13,2%-ға дейін жеделдеді (ақпанда – 12,8%). Сонымен қатар, Павлодар облысында баға жалпы республикалық деңгейден біршама тез (18,2%), Ұлытау облысында (8,6%) айтарлықтай баяу өсті.

2024 жылғы наурызда елде айлық инфляция 0,7% болды. Бұл тарихи орташа мәніненi (2017-2021 жылдардағы наурызда 0,6%) жоғары. Айлық инфляцияның ең жоғарғы мәні Павлодар облысында (2,1%) байқалды.

Еске сала кетсек, ақпан айында Қазақстанда жылдық инфляция 13 өңірде бәсеңдеп, 4 облыста өсті

Инфляцияның жылдық деңгейіне ең үлкен үлесті азық-түлік және алкогольсіз сусындар (2,6 пайыздық тармақ), тұрғын үй қызметтері (2,1 пайыздық тармақ), киім және аяқ киім (1 пайыздық тармақ) қосты.

Сондай-ақ оқыңыз