Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ даласының символы саналатын киіктердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жоятынын мәлімдеді. Бұл туралы Тобыл қаласындағы уақытша орналастыру нысанында ауылдардың тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«Президент қазақ даласының символы саналатын ақбөкендердің көбеюіне тосқауыл қоятын шешімнің күшін жойып, оған тыйым салынатынын мәлімдеді», – делінген хабарламада.
«Кейбір адамдар киіктерді атуға болмайды дейді. Расында солай шығар. Мен бұрын киіктерді атуға қарсы болғанмын. Киіктерді атуға тыйым салатын болдық, осындай шешім қабылдадым, – деді Тоқаев тұрғындармен кездесу кезінде.
Еске сала кетейік, ресми мәлімет бойынша, ақбөкен басы 2 миллионға жеткен. Шаруалар шабындықты таптап, егінімізді жайпап кетті деп шағымданды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, киіктер былтыр шабындық және жайылымдық алқаптарға айтарлықтай зиян келтірген. Атап айтқанда, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, БҚО өңірлерінде шамамен 122 мың га егіс алқаптары тапталған. Есептік шығын 12 млрд теңгеден асқан.
Бұл мәселенің күрделілігін ескере келе ақбөкен популяциясын реттеу мәселесі көтерілген еді. 2023 жылы қыркүйекте Экология және табиғи ресурстар министрлігі киіктерді саны реттелетін жануралар қатарына кіргізді.
Ресми органдар реттеу шаралары халықаралық тәжірибеге сәйкес жүргізілетінін мәлімдеген. Яғни ғылыми негіздерге сүйене отырып, жануарлар дүниесіне зиян келтірместен киік санын азайту көзделген.
Алғашқыда үкімет киікті «қарал» тәсілімен қоршауға алып сою арқылы азайтылатынын мәлімдеген болатын. Бірақ Оралда ақбөкенді атуға рұқсат 4200 теңгеге сатылып жатыр деген ақпарат тарады. Сол кезде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев жаңбыр жиі жауып, ауа райының қолайсыздығына байланысты қарал тәсілін жүзеге асыру қиындап кеткені себепті, атуға рұқсат етілгенін айтты.