Үкімет мемлекеттік мүлікті тендерсіз сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін екі есеге дейін қысқартады

Жарияланды (жаңартылды )
Нысандар сенімгерлік басқаруға қалай беріледі? / Фото: kursiv.media

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ережелері қайта қаралып тендерсіз беру мүмкіндіктері азаятын болады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің Жалпыұлттық социал-демоктраиялық партиясының депутаттарына берген жауабында айтылған. Аталған өзгеріс қазірдің өзінде пысықталып жатыр және мүдделі тараптармен талқылануда.

Премьер-Министр нысандарды тендерсіз беру мүлікті болашақ меншік иелеріне сенімгерлік басқаруға беру тәртібін жеңілдетуге бағытталғанын еске салды. Осылайша, объектілерді тендер өткізбей беру кезінде келесі критерийлерді ескеру ұсынылады:

1. Салалық заңдарда мұндай объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі норма көзделген(газ құбырлары мен электр-энергиямен жабдықтау объектілері олар тікелей қосылған беруші ұйымдарға («газ және газбен жабдықтау туралы» және «электр энергетикасы туралы»заңдар)беріледі;

2. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру салалық заңнамаға сәйкес бірыңғай операторлардың функцияларын жүзеге асыру үшін қажет (халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары құрылысына, реконструкциясына конкурс өткізілмей, автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторға беріледі); ақылы қозғалысты ұйымдастыру («Автомобиль жолдары туралы» Заң);

3. Мүлікті пайдаланудың басқа баламасы жоқ (объектіні мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жарғылық капиталды төлеуге берілген мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғаға беру).

«Бұл ретте Қаржы министрлігі жүргізген талдау нәтижелері бойынша қағидаларда көрсетілген ерекшеліктер тізбесін қайта қарау мәніне объектілерді тендер өткізбей сенімгерлік басқаруға беруді көздейтін 5-тармақта көрсетілген 17 жағдайдың 8-ін алып тастау ұсынылады. Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдармен пысықталуда», – делінген премьер-министр жауабында.

Сондай-ақ конкурстық комиссияның құрамы да кеңейтілмек. Қазіргі уақытта ережеге сәйкес құрылтайшы (бұл мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) конкурстық комиссия құрады. Тендер комиссиясының құрамына өкілді және мемлекеттік органдарды, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, жергілікті қоғамдастықтарды және басқа да ұйымдарды қосу ұсынылады. Үкімет басшысы бұл ұсыныстар «қолдау тауып, ережелерге тиісті өзгерістерді Ұлттық экономика министрлігі ағымдағы тоқсанның соңына дейін енгізетінін» атап өтті.

Депуатат сауалына берілген жауапта  жабық тендерлерді өткізу ережелері де түзетілетіні айтылған. Қазіргі уақытта «мемлекеттік мүлік туралы» заңның нормалары тендерлердің ашық екенін анықтайды. Алайда ұлттық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға немесе сыртқы экономикаға әсер ететін жағдайларда Үкіметтің шешімі бойынша тендер жабық болуы мүмкін.

«Қағидалар мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде конкурстық комиссия белгілейтін қатысушылардың шектеулі саны қатысатын жабық конкурсты өткізу тәртібін реттейді. Депутаттардың ұсынысы бойынша жекешелендіру объектісін сату бойынша конкурс (жабық конкурс) және объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендер нысанындағы сауда-саттықты алып тастау арқылы жекешелендіру рәсімін жетілдіруге бағытталған заңнамаға өзгерістер енгізуге бастама болды. Бұл түзетулер Бас прокуратураның ұсыныстарын ескере отырып пысықталды және оны президент әкімшілігі бекітуде», – делінген хабарламда.

Сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі нысанды сенімгерлік басқаруға беру кезінде міндетті шарттарды белгілеуге қатысты ережелерге өзгерістер енгізуде.

«Объектілерді сенімгерлік басқаруға беру шарттары сіз ұсынған мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаттарын ескере отырып пысықталатын болады. Бұл шаралар ағымдағы тоқсанның соңына дейін жүзеге асырылатын болады. Осылайша, жоғарыда аталған жұмыс аясында мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру тетігін жетілдіру бойынша ұсынылған шараларды іске асыру жалғасады», – деп түйіндеді Премьер-Министр.

Депутаттардың талабы қандай?

Айта кетейік, бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ажар Сағандықова Премьер-министр Бектеновке сауал жолдаған еді. Мәжілісмен Үкімет басшысынан мемлекеттік мүлікті тендерсіз беру мүмкіндігі «бұл кімге арналып отыр» деп сұраған еді.

«Бірінші әдіс – объектіні сенімгерлік басқаруға беруге өтінім негізінде жүзеге асырылатын тендер өткізбей-ақ сенімгерлік басқаруға беру. Өтініш кез келген нысанда жасалады. Ереже 17 пункт бойынша конкурссыз беруді қарастырады, оның ішінде: газ құбырлары мен электр және электрмен жабдықтау объектілерін беру; мемлекеттік ақпараттық жүйелерді беру; жалпы алаңы кемінде 40 мың шаршы метр болатын мәдени объектілерді, оның ішінде опера және балет өнерін дамыту үшін жасалған ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және өзге де мүлікті кешен түріндегі және басқаларды беру. Мұны тендерсіз қалай түсінуге болады? Бұл кімге арналған?», – деді ол.

Осыған байланысты депутат мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын қайта қарауды талап етті. Оның пікірінше, бұл процесс жеке монополистердің пайда болуын болдырмауы, бюджетке түсетін жүктемені болдырмауы және ашықтық қағидаттарына жауап беруі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз