Грузия парламенті «шетелдік агенттер» туралы заңды мақұлдағаннан кейін наразылық акцияларында бірнеше адам ұсталды

Жарияланды
Грузия парламенті «шетелдік агенттер» туралы заңды мақұлдап, наразылық акцияларында бірнеше адам ұсталды / Anadolu Agency

Грузия парламентінің құқықтық мәселелер жөніндегі комитеті «шетелдік агенттер» туралы заңды мақұлдағаннан кейін наразылық акцияларында бірнеше адам ұсталды.

Euronews басылымының ақпаратына сүйенсек, Грузия парламенті «шетелдік агенттер» туралы заңды қабылдауға қарсы наразылық акциялары өтіп, 14 адам қамауға алынды. Жаппай наразылықтарға қарамастан парламенттің заң мәселелері жөніндегі комитеті тиісті заң жобасын мақұлдады. 

Наразылық акциясына шыққанда заң жобасының мақсаты Грузиядағы азаматтық құқықтармен айналысатын шетелдік ҮЕҰ қызметін бақылау және тежеу болады деп күдіктеніп отыр. Парламент бұл заңды бір жыл бұрын өткізуге тырысты, бірақ ол жаппай наразылықтан кейін өтпей қалған. 

Заң жобасын Грузияның еуроатлантикалық серіктестері де айыптап жатыр. Еуро Одақтың Тбилисидегі елшісі заңның еуропалық құндылықтарға сәйкес келмейтінін айтты. Ал Германия канцлері Олаф Шольц бұл құжат кері қайтарылады деп үміттенді.

Оппозициялық партиялар заң азаматтық қоғам мен баспасөз бостандығын басу үшін қолданылатын Ресейдің «шетелдік агенттер туралы» заңының көшірмесі деп бағалап отыр.

«Ресей заңы Грузияның еуро интеграциясына кедергі келтіреді. Былтыр Ресей Заңы ЕО стандарттарына сәйкес келмейтінін ашық айтылды. Егер ол қабылданса, онда Еуро Одаққа жетелейтін кез келген прогресс тежеледі», – деді «Лело» оппозициялық партиясы депутаты Ана Нацвлишвили.

14 наурызда Қырғызстан Жоғарғы Кеңесі үшінші оқылымда «Коммерциялық ұйымдар туралы» заңға «шетелдік өкілдер» деген ұғымды енгізген. Заңға 2 сәуірде президент Садыр Жапаров қол қойып, ол ресми күшіне енген. Қырғызстанда дәл Ресейдегідей – шет мемлекеттер, олардың мемлекеттiк органдары, халықаралық және шетелдiк ұйымдар қаржыландыратын ұйым мен жекелеген тұлғалардың қызметі қадағалана бастайды.

17 сәуірде миллиардер, филантроп Джордж Соростың Open Society Foundations қоры Қырғызстандағы қызметін толықтай тоқтатқан. Елде халықаралық ұйымдардан қаржыландырылатын жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне шектеу ережелерін енгізетін жаңа заң қабылданғаннан кейін, Сорос қоры Қырғызстандағы ұйымын жабуды жөн көрген.

Сондай-ақ оқыңыз