Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 0,8% азайды 

Жарияланды
Инвестициялардың негізгі үлесі өнеркәсіпке бағытталды / Фото: shutterstock

2024 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2816,3 млрд теңгені құраған. Бұл 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда  0,8% аз. Ұлттық статистика бюросы 3 айда негізгі капиталға салынған инвестиция туралы мәлімет жариялады.

Өңірлер бойынша статистика 

Инвестициялардың төмендеуі Ақмола облысында – 36,7%, Атырау ( 29,5%), Абай (25,9%), Шығыс Қазақстан (10,7%), Ақтөбе (10,5%) және Манғыстау (10,3%) обылыстарында байқалды.

Бұл ретте негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлемінің индексі бірнеше облыста өскен. Солтүстік Қазақстан облысы – 48,8%, Жетісу облысы-  42%, Қызылорда – 32,8% және Түркістан облысында 31%  болса, Астана қаласында – 30,8%, Жамбыл (24,4%) және Алматы (21,8%) облысында байқалады,. 

Инвестицияның едәуір үлесі Атырау облысына тиесілі (16,9%).

Шығынның  59,6%-ы ғимараттар құрылысына жұмсалды

Жалпы республикалық күрделі салым көлемінің жартысына жуығы ірі және орта кәсіпорындарға тиесілі.

Жалпы шығындардың 59,6%-ы құрылыс саласы мен күрделі жөндеуге, жалпы сомасының төрттен бірінен астамы машина жасау ,құрал-жабдық және көлік құралдарын сатып алуға жұмсалады.

Инвестцияның басым бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаты есебінен қаржыландырылады. Оның көлемі 2024 жылғы қаңтар-наурызда 2171,9 млрд теңгені немесе 77,1%-ды құрады.

Бюджет қаражаты негізгі капиталға салынған жалпы инвестиция көлемінің  9,1%-ын құрады. Бұл ретте 2023 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 13,9% төмен.

Салымдар құрылымында банк саласының экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы үлесі 3,5%-ды құрайды. 

Инвестициялардың 47%өнеркәсіпке бағытталды

2024 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көп бөлігі өнеркәсіпке (47%), оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібіне және карьерлерді қазуына – 28,4%, өңдеу өнеркәсібі – 11,2% тиесілі. Ал жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (21,5%), көлік пен қоймаға (13,5%), ауыл, орман және балық шаруашылығы (4,4%) тиесілі.

Еске сала кетсек, 2024 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1809,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы көрсеткішткен 7,9% жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз