«Қазақстан темір жолы» Алматыдан Атырауға қосымша пойыз жібереді

Жарияланды
ҚТЖ су тасқыны байланысты Алматыдан Атырауға қосымша пойыз жібереді / http://railways.kz

«Қазақстан темір жолы» су тасқынына байланысты Алматыдан Атырауға және кері бағытта қосымша пойыз қосады. 

Тасымалдаушы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қосымша пойызды қосу су тасқыны қаупі бар аймақтардан 700-ден астам жолаушыны тасымалдауға көмектеседі. 

215/216 «Алматы-Атырау» пойызының кестесі:

  • Алматыдан кету 19 сәуірде сағат 13:40, Атырауға келу 21 сәуірде сағат 15:32;
  • Атыраудан кету 21 сәуірде сағат 23:16, Алматыға келу 24 сәуірде сағат 03:50.

«№215/216 «Алматы-Атырау» пойызына билеттер купе вагондарына да, плацкарт вагондарына да қолжетімді. Қосымша пойыз билеттерін сату 17 сәуірде басталды. Комиссиясыз билеттерді сайттан сатып алуға болады», – делінген хабарламада.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірінен алуға болады.

Су тасқынына байланысты осы кезге дейін елде 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала эвакуацияланған. Олардың ішінде 18 651 адам өз үйлеріне оралған. Қазіргі таңда эвакуациялау пункттерінде 6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала бар.

Қазіргі таңда аймақтарда су қарқыны бәсеңдей бастаған. ТЖМ ақпаратына сүйенсек, ел бойынша 10,1 млн текше метрден астам еріген қар суы сорылып, 4216 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды.

Сондай-ақ оқыңыз