Қазақстан мен Әзірбайжан АХҚО базасында бірлескен инвестициялық қор құрмақ

Жарияланды
Шығарушы редактор
Казахстан и Азербайджан создадут инвестфонд на базе МФЦА
Әзірбайжанмен бірлескен инвестициялық қор құрылмақ. Фото: Ақорда

Самұрық-Қазына» қоры мен Әзірбайжан инвестициялық холдингі бірлескен инвестициялық қор құрмақ. Инвестициялық қор «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) базасында тіркеледі. Қордың бастапшы қаржысы 300 млмн долларды құрайды. Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісі Әлім Байел Әзірбайжан инвестициялық холдингінің бас директоры Руслан Әлихановпен  инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылаған.

Аталмыш қор екі ел экономикасында да, шет мемлекеттерде де маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Тараптар ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2024 жылғы 11-12 наурызда Әзірбайжанға жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде қол қойылған «Самұрық-Қазына» АҚ мен Әзірбайжан инвестициялық холдингі арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімді іске асыру жөнінде пікір алмасты», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) бірлесіп дамыту, Әзірбайжан аумағы арқылы қазақстандық энергия ресурстарының транзиті, Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту, сондай-ақ Каспий түбімен терең су электр кабелін тарту жобаларына ерекше назар аударылған Бған дейін Каспий түбінен өтетін оптикалық желіні Қазақстан-Әзірбайжан бірлескен кәсіпорны тартатыны белгілі болған.

2023 жылы наурызда Қашаған кен орынан Ақтау-Баку бағыты бойынша алғашқы мұнай партиясы жөнелтілді.

Әзірбайжан инвестициялық холдингі 2020 жылы мемлекеттік компаниялар мен кәсіпорындарды, сондай-ақ мемлекеттік үлесі бар шаруашылық қоғамдарды басқару үшін құрылған. Холдинг мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Қазіргі кезде инвестициялық холдингін SOCAR, ADY, AZAL, ASCO, AzerGold және т.б. сияқты 11 кәсіпорынды басқарады.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2008 жылы құрылды. Қор елдің ең ірі стратегиялық компанияларын басқарады, соның ішінде Air Astana, «Қазақтелеком», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы», KEGOC және т.б бар. 

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы тауар айналымы  2020 жылдан бес есеге жуық өскен (109 миллион доллардан 529 миллион долларға дейін).

Сондай-ақ оқыңыз