Тәжікстанда тәуіптер мен көріпкелдерді мәжбүрлі еңбекке тартады

Жарияланды
Тәжікстанда тәуіптер мен көріпкелдерді мәжбүрлі еңбекке тартады / shutterstock

Тәжікстан Ішкі істер министрлігі алаяқтық фактісі бойынша тәуіптер мен көріпкелдерді мәжбүрлі еңбекке тартуды жоспарлап отыр.

Тәжікстан билігі әртүрлі бойтұмарлар беріп, өздерін тәуіп, көріпкел, емші деп атайтын азаматтарды алаяқтық үшін ұстап, 6 айға дейін мәжбүрлі жұмысқа тартуды жоспарлап отыр. 

ІІМ хабарламасында республикада өзін емші, тәуіп, заңсыз діни ағартушы ретінде насихаттайтынадамдарды анықтау үшін профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Олардың тізімі мен жеке мәліметтері «Мемлекеттік бірыңғай тізілімге» енеді.

Ел аумағында өтіп жатқан профилактикалық шаралар нәтижесінде  заңсыз ем-дом жасап жүрген адамдардан тұмарлар, дәрі-дәрмектерді дайындауға арналған шөптер және өзге де бұйымдар тәркіленген.

Ведомство ақпаратын сүйенсек, осы мақсатта қылмыстық және әкімшілік заңнамаға түзетулер енгізілуі керек. Қазіргі заңнамаға сәйкес, мұндай адамдарға тек айыппұл салынып келген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте «Бақсылық пен сәуегейлікпен айналысу» туралы арнайы заңнама қарастырылған. Алғаш рет осы қылмыс анықталса, 330 долларға дейін айыппұл салынады. Бір жыл ішінде екінші заң бұзушылық болса, 660 долларға дейін өседі.

2023 жылдың қаңтар айында Сада мерекесіне байланысты өткен жиында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон әр отбасы екі жылдық азық-түлік қорын сақтауы керек екендігін атап өткен. Президент бұл ойға климаттың өзгеруі, жылынуы және әлемдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты келгенін айтып, әлем халқының саны өсіп, азық-түлікке қажеттілік артуы әлемдегі басты проблемалардың бірі екенін ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз