Air Astana жолаушылары су тасқынына байланысты үш күннен бері Дубайдан ұшып кете алмай отыр

Жарияланды
Air Astana жолаушылары су тасқынына байланысты үш күннен бері Дубайдан ұшып кете алмай отыр / REUTERS/Staff

Air Astana жолаушылары аймақтағы су тасқынына байланысты үшінші күн қатарынан Дубайдан ұшып кете алмай отыр.

Әуе компаниясы Дубайдан қосымша рейстер туралы ақпаратты жаңартты. Жергілікті әуежайдағы шектеулерге байланысты компания «Алматы-Дубай-Алматы» бағыты бойынша рейсті тоқтатуға мәжбүр болған.

«Дубай әуежайының шектеулеріне байланысты Air Astana 19 сәуірдегі «Алматы-Дубай-Алматы» КС-8970/8980 қосымша рейстерін тоқтатуға мәжбүр. Жолаушылар билет құнын толық қайтару немесе қайта брондау қызметіне жүгіне алады. «Астана-Дубай» КС-205 рейсі Астана уақыты бойынша сағат 19.00 дейін кешіктіріледі», – делінген компания хабарламасында.

Дубай әуежайы бірнеше күннен бері алапат нөсер салдарынан жұмысын тоқтатқан еді. Халықаралық әуежай 24 сағаттан кейін өз жұмысын қайтадан жандандырмақ.

Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатта әуежайдың бас операциялық директоры Маджед әл-Джокер тәулік ішінде нысан терминалдары іске қосылатынын хабарлаған.

Бейсенбі, 18 сәуір күні Астана халықаралық әуежайы Fly Dubai және Air Astana авиакомпанияларының рейстер кестесіндегі соңғы өзгерістер туралы ақпарат таратып, онда Fly Dubai авиакомпаниясының FZ1303 және FZ1307 рейстері, FZ1304 және FZ1308 рейстері тоқтатылғанын хабарлады. 

Сондай-ақ оқыңыз