Британдық компания Шығыс Қазақстанда мыс іздеп, бес жылдан аса уақыт барлау жұмысын жүргізеді

Жарияланды
Геологиялық барлаудың мақсаты – мыс кендерін анықтау/ Коллаж: kursiv.media

«Karakul Resources» компаниясы (Британдық Karakul Resources Limited еншілес кәсіпорны) биыл ІІ тоқсанда Абай облысы, Аягөз ауданындағы Ақтоғай ауылы маңында мыс іздеуге кіріседі.

Қоғамдық тыңдауға шығарылған геологиялық тапсырмаға сәйкес, компания 2023 жылдың 11 желтоқсанында берілген барлау лицензиясы бойынша Абай ауданындағы Бірінші учаскеде мыс кенін іздеуді көздеп отыр. 

Геологиялық барлаудың мақсаты – мыс кендерін анықтау. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңадан анықталған және зерттелетін нысандарындағы С2 және С1 санаттары бойынша қорларды бекіту, сондай-ақ алдағы жұмыстардың орындылығы мен басымдылығын негіздеу жоспарлануда. Атап айтқанда, жобаға алдын ала геологиялық-экономикалық баға беріледі.

Ең жоғары басымдық берілген аумақтарды 100-200 метр тереңдіктегі ұңғымаларды пайдалану арқылы бағалау жоспарланған. Тереңдігі  500 метрге дейін жететін 20 ұңғыма бұрғыланады. Жалпы бұрғылау көлемі 10 мың желілік метрді құрайды. Геологиялық барлау жұмыстары тендер арқылы мамандандырылған мердігерлерді тарта отырып жүргізіледі. 

Электр құрылғыларының жұмысын қамтамасыз ететін генераторды пайдалану үшін жылына 90 тонна дизель отыны қажет болады.

Жұмыс 2024 жылдың екінші тоқсанында басталмақ. Тиісті есептерді әзірлеу, жұмысты аяқтау 2029 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған. Барлығы 300 желілік шақырым геологиялық бағыттарды қамту жоспарлануда.

Бірінші учаске облыс орталығы – Аягөз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 110 шақырым жерде орналасқан. Ең жақын елді мекен – Ақтоғай ауылы, учаскеден оңтүстік-батысқа қарай үш шақырым жерде жатыр. Тікелей учаске арқылы Ақтоғай ауылы мен Аягөз қаласын байланыстыратын автомобиль және темір жол өтеді. Лицензиялық алаңы 37,7 мың га (161 блок).

Karakul Resources Limited Лондонда 2022 жылдың 6 шілдесінде тіркелген. Компанияның иелері туралы ақпарат жарияланбаған. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылорда облысындағы «Шалқия» кен орнында қорғасын-мырыш өндіру қазан айында басталып, 2025 жылы оның көлемі 2,2 млн тоннаға жеткізілетіні белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз