Жаңалықтар

Тоқаев «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заңына қол қойды

«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң күшіне енеді / kursiv.media

Президент «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР заңына қол қойды. Өзгерістер қолданыстағы шарттағы олқылықты жоюға бағытталған.

Шартта техникалық реттеу, ветеринариялық, санитарлық және карантиндік фитосанитарлық шаралар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, тарифтік емес реттеу және мемлекеттік сатып алу мәселелері қарастырылған.

Заң жобасы 27 наурыз күн ҚР Мәжілісінің отырысында талқыланды. Сол  кезде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев заң жобасы туралы түсіндірді.

Бұл хаттама ЕАЭО бюджет қаражатын пайдалана отырып, өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларды қаржыландыруға негіз болады. Хаттама мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстарды кеңейту, өзара инвестициялардың өсуін ынталандыру және бірлесіп өндірілетін өнім шығаруды ұлғайту.

«Пилоттық қаржылық көмек тетігінің мерзімі бес жылды құрайды әрі ұзарту мүмкіндігі болады. Қаржыландыру арнайы, демпингке қарсы және өтемақылық баждар түсімінің 10%-ы есебінен қамтамасыз етіледі», – деді министр сол кезде.

Бұл механизм жұмыс орындарын құруға, қосымша құны бар өнеркәсіп өнімдерін өндіруге және үшінші елдерге өнім экспортын арттыруға мүмкіндік береді. Жобаны іріктеу критерийлеріне кемінде үш мүше мемлекеттің кәсіпорындары қатысады. Іріктеу мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастықтардың қатысуымен бірнеше кезеңде өтеді. Жобаны мақұлдау туралы шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі қабылдайды.

Былтырғы желтоқсан айында Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында 2024 Президент Тоқаев мүше елдерді 2024 жылдың сын-қатерлеріне бірлесе дайындалуға шақырды.

ЕАЭО-ға мүше елдер үшін технологиялық кооперацияны экономиканың нақты секторында дамыту – басты міндеттердің бірі екенін айтты.