Жасанды интеллект технологиясына негізделген жобаларға инвесторлардың қызығушылығы неге төмендеді?

Жарияланды (жаңартылды )
Жасанды интеллект жобаларына инвестиция тарту қарқыны бәсеңдеді / Фото: коллаж kursiv.media

Сарапшылар жасанды интеллект жобаларына арналған инвестициялардың азайғанын атап өтеді. Бұл венчурлық инвестицияларға да, M&A сегментіндегі мәмілерге де қатысты. Ірі корпорациялардың топ-менеджерлері ЖИ-ды пайдалану, шынымен, қаржылық көрсеткіштердің артуына әкелетініне күмәнданады. Оның үстіне, нарық қатысушылары жасанды интеллект саласындағы қателіктер ірі брендтерге нұқсан келтіруі мүмкін деп қауіптенеді.

Жасанды интеллект саласында инвестицияларды бөлу

Стэнфорд университетінің зерттеушілерінің есебіне сәйкес, 2023 жылы жасанды интеллектіге байланысты әлемдік инвестиция көлемі қысқарды. Оған қоса екінші жыл қатарынан инвестициялық салымның төмендегені байқалады. Венчурлық капиталистер мен корпорациялар стартаптарға бағытталатын инвестицияны азайтты. Ал 2023 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда ЖИ индустриясындағы қосылу мен бірігу келіссөздері азайды. Осылайша, M&A келіссөздер көлемі 2022 жылы 117,16 млрд доллардан 2023 жылы 80,61 млрд долларға дейін төмендеді (31,2%-ға азайды). Ал жеке инвестициялар 103,4 млрд доллардан 95,99 млрд долларға дейін қысқарды. Жалпы жасанды интеллектіге салынған инвестицияның жалпы көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға азайып, 189,2 млрд долларға жетті.

Дегенмен ЖИ саласындағы кейбір венчурлық жобалар айтарлықтай қаражатты тарту ісін жалғастыруда.  Мысалы, зерттеушілер Amazon-ның Anthropic компаниясына жақында миллиард долларлық инвестиция құйғанын немесе Microsoft корпорациясының Inflection AI активтерін 650 млн долларға сатып алғанын қаперге салады. Егер инвестиция көлемі қысқарса,  ойыншылардың үлкен санына бөлінеді. Осылайша, HAI Стэнфорд университетінің есебіне сәйкес, 2023 жылы 1 812 ЖИ стартабын қаржыландыра алғанын жариялады. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 40,6%-ға артық.

Жаңа жыл басталысымен жасанды интеллект саласына инвесторлардан қаражат тарту барысы өзгере бастады. PitchBook есебіне сәйкес, венчурлық капитал инвесторлары 2024 жылдың бірінші тоқсанында әлем бойынша ЖИ стартаптарына 25,87 миллиард доллар жұмсады. Бұл 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы 21,69 миллиард доллардан жоғары. Дегенмен 2024 жылдың бірінші тоқсанында инвестициялар 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы 1 909 мәмілемен салыстырғанда 1 545 мәмілеге бөлінген. Сонымен қатар, қосылу мен бірігу мәмілелері 2023 жылдың бірінші тоқсанында 195-тен 2024 жылдың бірінші тоқсанында 176-ға дейін төмендеді.

Стэнфорд институтының есебі бойынша генеративті ЖИ стартаптарын қаржыландыру 2023 жылы 25,2 миллиард долларға жетті. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда шамамен тоғыз есе және 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 30 есе көп. Жалпы генеративті ЖИ 2023 жылы барлық ЖИ инвестицияларының төрттен бірінен астамын құрады.

Мақсатты инвестициялар

«Ірі ЖИ үлгілері үлкен инвестицияны қажет етеді. Жаңа ұсыныстар жасау үшін ЖИ өнімдерін, қызметін және ұсынысын мейлінше пайдаланатын технологиялық компаниялар қазіргі нарықты көбірек басқарады», – деп түсіндірді Gartner талдаушысы Джон-Дэвид Лавлок. Өз кезегінде, Thomvest Ventures басқарушы директоры Умеш Падвал жасанды интеллектке жалпы инвестициялардың төмендеуін  өсімнің баяулауымен байланыстырады. Оның айтуынша, ЖИ алдында көптеген жылдар шешімін іздеу қажет болатын техникалық және маркетингтік қиындықтар бар. «ЖИ инвестициясының бәсеңдеуі біздің әлі де ЖИ эволюциясының және оны барлық салада практика жүзінде қолданысқа енгізудің бастапқы кезеңдерінде екенімізді мойындау керектігін көрсетеді. Ұзақ мерзімді нарық әлеуеті орасан зор болып қала бергенімен, ЖИ технологияларын нақты қолданбаларда масштабтаудағы қиындықтар мен мәселелерге байланысты бастапқы кездегі қызығушылық үрдісі бәсеңдеді. Бұл неғұрлым жетілген және ақылды инвестициялық ландшафтты көрсетеді », – деді Падвал.

Greylock серіктесі Сет Розенберг айтқандай, технологиялық алпауыттар жасанды интеллект саласындағы «бір топ жаңа ойыншыны» қаржыландыруға дайын емес. «Біз осы циклдің басында өте көп капиталды қажет ететін көптеген іргелі модельді инвестициялар бар екенін білдік», – деді ол. Мысал ретінде Tola Capital серіктесі Аарон Флейшман 2022 жылдың соңында 1 миллиард доллардан астам бағаланған, бірақ 2023 жылы 153 миллион долларды құрайтын операциялық шығыстары небәрі 11 миллион доллар табыс түсірген Stability AI-ді мысалға келтіреді.

«Компанияның табыс траекториялары Stability AI сияқты алдағы қиындықтар межесін нұсқауы мүмкін. Инвесторлар қазір өткен жылмен салыстырғанда ЖИ-ға инвестиция салуда сақтық танытады. Өткен жылы кейбір ЖИ стартаптарының метеорлық өсуі мен құлдырауы инвесторлардың ЖИ құндылықтар тізбегі туралы көзқарасы мен түсінігін нақтылау қажеттілігін көрсетті», – деді Флейшман.

Touring Capital компаниясының негізін қалаушы Самир Кумардың айтуынша, жасанды интеллект нарығындағы бум ұзаққа созылмайды. «Жақында біз генеративті ЖИ уәде еткен нәтижелерді бере ме, ЖИ-ға біріктірілген өнімдер мен қызметтер арқылы кірістің өсуіне әсер ете ме, жоқ па, соны бағалаймыз», – дейді ол.

Егер бұл орындалмаса, онда бұл нарықтың дамуы тәжірибелік сатыда қалады. Атап айтқанда, кейбір ірі институционалдық инвесторлар осы уақытқа дейін бұл нарыққа жолай қоймады. Мысалы, Meritech Capital, General Atlantic және Blackstone осы уақытқа дейін генеративті ЖИ-дан аулақ болды. Boston Consulting Group зерттеуіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан топ-менеджерлердің жартысына жуығы генеративті жасанды интеллект өнімділікті айтарлықтай арттырады деп күтпейтіндерін айтты. Сонымен қатар олар генеративті жасанды интеллектті пайдалану кезінде қателік жіберу мен деректердің бұзылуы мүмкін болатынына алаңдайды.

Жаңа бағыттар

Сарапшылар уақыт өте келе инвесторлардың назары жасанды интеллект сегментінде жұмыс істейтін басқа ойыншыларға ауысады деп болжайды. Осылайша, Goldman Sachs Research мәліметтері бойынша, егер ЖИ-ға қызығушылық танытқан алғашқы бенефициарлардың бірі Nvidia компаниясы бірінші кезеңді ұсынса, онда ЖИ қызметінің келесі кезеңі жасанды интеллектке қажетті инфрақұрылымды құруға көмектесетін басқа компаниялармен байланысты болады.  Сарапшылар екінші кезеңге жартылай өткізгіштерді әзірлеушілер мен өндірушілер, бұлтты провайдерлер, компьютерлік және желілік жабдықтардың өндірушілері және қауіпсіздік бағдарламалық қамтамасыз ету провайдерлері кіретінін  айтты. Үшінші кезеңде кірісті арттыру үшін компания өнімдеріне жасанды интеллект енгізу қолға алынады.

Мысалы, Ocean Park Investments сарапшылары екінші кезеңнің әлеуетті бенефициарлары арасында Eaton, Vertiv және Super Micro Computer компанияларының бағытын қолай көреді. Үш компания да чип алпауыттарымен тікелей бәсекелеспей, өсіп келе жатқан жасанды интеллект бумына қол жеткізуде. «Eaton электрлендіру секторында басым орынға ие», – дейді сарапшылар.

Компания өсіп келе жатқан жасанды интеллект индустриясы қажет ететін қуат пен деректер орталықтарын кеңейту  үшін қажетті электр желілерін салуға және оларға қызмет көрсетуге маманданған. Мәселен, Халықаралық энергетика агенттігінің болжамдары бойынша деректер орталықтарына, жасанды интеллектке және криптовалюталарға арналған энергияға сұраныс 2026 жылға қарай екі есе артады және мұндай ойыншылар сұраныстың өсуін пайдалана алады. Осылайша, соңғы 12 айда Eaton акцияларының бағасы екі есеге жуық артты. Vertiv, өз кезегінде, серверлер мен басқа да жоғары технологиялық зауыттардың тиімдірек жұмыс істеуіне көмектесетін салқындату құрылғыларын жасайды. Компанияның акцияларының бағасы өткен жылы 560%-дан асты. Тағы бір ірі ойыншы – Super Micro генеративті жасанды интеллект үлгілерін оқытуға арналған кластерлерді шығарады. Компания сонымен қатар Nvidia-ның негізгі жеткізушісі болып табылады. Сондықтан 2023 жылдың жазынан бері компания акцияларының 717%-ға өскені таңқаларлық емес.

Сондай-ақ оқыңыз