KEGOC 2023 жыл үшін 41,8 млрд теңге дивиденд төлемек

Жарияланды
Шығарушы редактор
 KEGOC
KEGOC 2023 жыл үшін қанша дивиденд төлейді? Коллаж kursiv.media

KEGOC 2023 жылдың екінші жартыжылдығына акционерлерге 21,6 млрд теңге дивиденд төлеуді көздеп отыр. Бұл 2022 жылғы көрспеткіштен 12 млрд теңге артық.

Ұлттық оператор 2023 жылдың І жартыжылдығы үшін 20,2 млрд теңге дивиденд төлеген болатын. Сонда 2023 жыл үшін төленетін жалпы дивиденд көлемі 41,8 млрд теңгені, таза табыстың 97 пайызын құрайды.

Бұған дейін бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша KEGOC өз акционерлеріне 20,2 млрд теңге немесе бір акцияға 77,74 теңге төлеген. Бұл жолы 1 акцияға төленетін дивиденд көлемі 79,50 теңге болып бекітілмек.

Компания 2023 жылы тапқан таза табыстың 3 пайызын немесе 1,2 млрд теңгені KEGOC АҚ-ны дамытуға жұмсайды.

2023 жылдың желтоқсан айында Қаржы және есеп жөніндегі басқарушы директоры Айгүл Әкімбаева компания 2023 жылы 31,5 млрд теңге таза пайда табуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген.Осы табыстың 70-80 %-ын дивиденд ретінде төлеу жоспарланған.

Дивиденд мөлшері туралы шешім 2024 жылдың 2 мамырында акционерлердің жылдық жалпы жиналысында қабылданады. Ұсыныс мақұлданса, төлемдер 30 мамырда басталады. Дивиденд алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 24 мамырда бекітіледі.

2023 жылдың қараша айында компания акциялары қайта орналастыруға (SPO) шығарылды. Компания қайталама нарыққа акцияларының 5 %-ын орналастырған. Нәтижесінде «Самұрық-Қазына» АҚ үлесі 85%-ға дейін қысқарды. Бүгінде компанияның 85% акциясы «Самұрық-Қазына» қорына, 6,87%-ы БЖЗҚ-ға тиесілі болса, қалғаны еркін айналымда жүр.

Сондай-ақ оқыңыз