Алматыда автонарыққа қатысушы компаниялардың KURSIV-2024 алғашқы тәуелсіз форумы өтеді

Жарияланды
Алматыда автонарыққа қатысушы компаниялардың алғашқы форумы өтеді/ Фото: kursiv.media

2023 жылдың соңына қарай Қазақстанның бастапқы автокөлік нарығы 60%-ға өсіп, 199 мың көлік сатылды. Бұл автонарықтың бүкіл тарихындағы ең жоғары нәтиже болды. Әйтсе де автонарық әлі де өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ. 2024 жылдың бірінші тоқсанында автокөлік сатылымы 6%-ға өсті. Бұл динамика биылғы жылы сақтала ма, әлде өзгерістер бола ма?

«Қазақстандықтарға жақсы таныс Кореядан әкелінетін автомобиль брендтері көшбасшы болып қала бергенімен, қытайлық брендтер қарқынды дамиды. Қазақстан автомобиль одағы 2023 жылды 100 және одан да көп пайыздық өсу қарқынымен алғашқы ондыққа кірген бес қытайлық брендті атап өтті», – дейді Kursiv Research басшысы Сергей Домнин.

Соңғы жылдардағы динамиканың маңызды факторы автонесиелеу, оның ішінде микроқаржы ұйымдары арқылы кеңейту болды. Бірінші несие бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылы Қазақстан Республикасында автонесие портфелі 65%-ға өсті. Биыл қаржы секторы автокөлік нарығының өсуіне қаншалықты ықпал етеді?

2024 жылы автоөнеркәсіп саласында көптеген өзгеріс болмақ. Өткен жылы Қазақстанда 150 мың автокөлік шығарылды (ішкі нарықтағы сатылымның 75%-ы), ал қазақстандық 10 автокөліктің біреуі ғана шағын торапты жинақ әдісімен (CKD) шығарылады. ҚР Индустрия министрлігі биылғы жылдың соңына қарай CKD үлесі 20%-ға, ал 2027 жылға қарай 50%-ға жетеді деп есептейді. Салалық кәсіпорындар бұған қаншалықты дайын?

«Қазақстан нарығында жабдықты өндіру және сату сияқты параметрлер бойынша соңғы жылдары оң үрдіс сақталып отыр. 2023 жылы өндіріс көлемі үштен біріне, ал сатылған көліктер саны бір жыл ішінде үштен екіге артты», – деп түсіндірді автомобиль саласының сарапшысы, Autoreport.kz негізін қалаушы Артур Мискарян.

Kursiv.Media осы және басқа да сұрақтарды нарық қатысушыларымен, реттеушілермен және сарапшылармен бірге Алматыда KURSIVAUTO-2024 форумында – Қазақстан Республикасының автомобиль нарығына арналған алғашқы тәуелсіз пікірталас алаңында талқылайды.

«Үкімет пен сала қатысушылары арасындағы тікелей және ашық диалог мүмкіндігі өте маңызды; сыртқы сын-қатерлерге жауап берудің бірыңғай сценарийі мен стратегиясын әзірлеу қажет», – деді Мискарян.

Orbis Auto автомобильдер тобының бас директоры Динара Ысқақованың айтуынша, автомобиль өнеркәсібіндегі жағдай қиын, бірақ қызықты, серпінді және сонымен бірге тұрақсыз. Қазақстандық автомобиль нарығының трансформациясы жалғасуда және айтарлықтай жылдам қарқынмен жүріп жатыр.

«Салалық іскерлік іс-шараларға қатысу әрқашан нарықты талдаудың, әріптестермен кездесудің, қазіргі қиындықтар мен болашақтың перспективаларын талқылаудың тамаша мүмкіндігі. 2024 жыл автокөлік бизнесі үшін қиын жыл болады деп ойлаймын», – дейді спикер.

Айналым қаражатының түсуі, нарыққа жаңа брендтердің келуі және соның салдарынан бәсекелестіктің күшеюі, сондай-ақ реттеушінің саясаты, Ұлттық банктің мөлшерлемесі және тұтынушылық несие туралы заңға енгізілген өзгертулер – бұл факторлар оның пікірінше, биылғы жылы Қазақстанның автомобиль нарығының күн тәртібін айқындайтын болады.

«Orbis Auto автомобиль тобының атынан мен KURSIVAUTO-2024 форумындай кәсіби платформаның пайда болуын құптаймын. Ол жағдайды толық ауқымды түсіну, дұрыс қабылдау үшін алғаш рет қазақстандық автомобиль қауымдастығын біріктіреді», – деді Ысқақова.

Еске сала кетсек, Kursiv редакциясының сауалында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2027 жылы Қазақстандағы көліктердің тең жартысы шағын торапты жинақ әдісімен құрастырылады, деп хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз