Қырғызстанда сел жүріп жатыр. Ош облысы төтенше жағдай жариялады.

Жарияланды (жаңартылды )
Қырғызстан ТЖМ фотосы

Қырғызстан елінің бірнеше аймағында сел жүріп жатыр. Ноокен ауданындағы бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кетті. Соның салдарынан ауылдағы 300 үйден тұрғындар эвакуациялануда.

Талас ауданындағы Көк-Кашат, Ақ-жар, Қара-суу ауылдары сел зардабын тартуда. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жүр.

Қырғызстанның Ош облысында төтенше жағдай режимі жарияланды.

Ош облысының Қара-Құлджа, Алай, Ноокат және Қара-Суу аудандарында нөсер жауын салдарынан 100-ге жуық үйді су басты.

Мырзаке-Қара-Құлжа-Алайқуу тас жолының 41-ші шақырымында сел жүріп, көліктегі бір отбасы қаза болды.

Құбылмалы ауа райы салдарынан Ош, Жалал-Абад, Баткен облыстарында сел жүру қаупі жоғарылады.

Қырғызгидромет 22-28 сәуір күндері жауын-шашын жиілейтінін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз