Bank of America нарықтағы күдік пен күмәнге қарамастан, 2024 жылы Apple акциялары ең жақсы таңдау деп отыр

Жарияланды
Bank of America Apple акциялары 35%-ға өседі деп отыр/Фото: Unsplash/ Laurenz Heymann

Bank of America 2024 жылы инвесторлар үшін Apple акциялары ең жақсы таңдау екенін айтады. Банк мамыр айының басында шығатын есеп алдында Applе нәтижелеріне оптимизмен қарайды. Сондай-ақ компанияның ұзақмерзімді перспективасына да үміті зор және баға белгілеу 35%-ға өседі деп отыр. Morgan Stanley, керісінше, дүйсенбі, 22 сәуір күні, Apple акцияларына қатысты нашар божам жасап, мақсатты бағаны төмендетті, деп жазады Bloomberg

Bank of America бағалауы

«Apple траекториясында қорғаныстық ақша ағындарын жылдамдататын көптеген фактор бар» , – деп жазады Уамзи Мохан. Сарапшы инвесторларға Apple акциясын сатып алуға кеңес береді және мақсатты баға 225 доллар болады деп болжап отыр. Яғни бұл акция бағасы 35%-ға өседі деген сөз. Apple-дің қаржылық жылдың екінші тоқсанындағы нәтижелері келесі аптада жариялану керек. BofA жалпы компанияның келешегі жақсы болады деген ойда.

Morgan Stanley бағалауы

Morgan Stanley  болса 22 сәуір күні Apple акцичларынң мақсатты бағасын 220 доллардан 210 долларға дейін төмендетті. Оған Apple тоқсанға арналған есебіндегі болжамы көңілден шықпау мүмкін деген түйткіл себеп.

«Бұл бағада көрсетілген сияқты. Алайда қазіргі құбылмалы нарықта бұл қиын ұстаным», – деп жазды сарапшы Эрик Вудринг.

Morgan Stanley алдағы есеп әлсіз болады деген болжамына қарамастан, Apple акцияларын маусымда өтетін жасанды интеллект және М4 процессорының шығуына арналған конференция алдында сатып алуды ұсынады.

Bloomberg Intelligence бағалауы

Bloomberg Intelligence Қытайда iPhone-ға деген сұраныс төмен екенін ескеріп, инвесторларға Apple акцияларын сатып алуда абайлау керек екенін ескертеді.  

«Компания үшінші қаржылық тоқсанда құрылғылар сатылымына қатыст болджамын консенсус-болжамнан 2%-ға төмен етіп беруі мүмкін», – деп есептейді Bloomberg.

Apple акцияларының жайы қандай

Apple акциялары дүйсенбі, 22 сәуір күнгі саудада 165,8 долларға дейін өсті. Жұма, 19 сәуірдегі 2,9%-ға төмендеуден 0,5%-ға көтерілген.  Өткен аптадағы бес сауда сессиясында компания акциялары 6,5%-ға арзандап, компанияның капиталдануын 180 млрд долларға азайтты. Жыл басынан бері Apple акциялары14%-ға арзандаған. Бұл компанияны капиталдануы үлкен технологиялық компаниялар арасында ең әлсіз етеді, деп жазады Bloomberg.

«Акциялардың өсуіне қатысты қауіп, әсіресе, басты қытайлық нарықта iPhone-ға деген сұраныстың төмендеуі және жасанды интеллектіге қатысты стратегияның жоқтығы, сондай-ақ реттеуші органдары тарапынан қысым әсер етіп отыр», – деп жазады Bloomberg.

Бірақ та осының бәріне қарамастан, Apple эталонды қор нарықтарында S&P 500 бойынша 5,7%-ды құрайтын басты акция болып қала береді. Алайда Bloomberg бақылап отырған сарапшылардың тек 55%- ғана Apple акцияларын алуды ұсынады. Ал Microsoft, Nvidia, Alphabet, Amazon және Meta Platforms акцияларын алуға сарапшылардың 85%-ға жуығы кеңес береді.

Apple акциялары бойынша консенсус болжам 199,65 долллар, бұл 20%-ға өсді болжайды.

Сондай-ақ оқыңыз