Қуандық Бишімбаев қайғылы жағдай болған күні хабарласқан көріпкелден сотта жауап алынады

Жарияланды (жаңартылды )
Қуандық Бишімбаев қайғылы жағдай болған күні хабарласқан көріпкелден сотта жауап алынады / коллаж kursiv.media

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанова қатысты сот жалғасып жатыр.

Сот отырысына Бишімбаев қайғылы оқиға болған күні хабарласқан көріпкел мен Нүкенованың үй қызметшісі шақырылатын болды. Куәгерлерден жауап алуды мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова сұрады.

Тараптар прокурордың бұл өтінішхатына қарсылық білдірмеді.

Сондай-ақ сот отырысына сол күні Бишімбаевпен кездескен әйел Гүлнар Насырбекова келді. Оның сөзінше, Бишімбаев Насырбекованы күтіп алған. Екеуі жұмыс бойынша сөйлескен. Бишімбаев Насырбекованың блогер қызымен жұмыс істегісі келетінін жеткізген.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова көріпкел мен Бишімбаевтың үй қызметшісі болған әйелдің сот процесіне онлайн форматта қосыла алатынын айтты.

Айта кетейік, 23 сәуірдегі сот отырысында Қуандық Бишімбаевтың телефонындағы ақша аударымдары, хабарламалар мен қоңыраулар зерттелді.

22 сәуірдегі сот отырысында Бишімбаев судьяға ұялы телефонының құпиясөзін берді.

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Қуандық Бишімбаевтың телефонына қайғылы оқиға болған күні түсірілген видеоларды көріп шықты. Ол жерде Қуандық Бишімбаевтың марқұм Нүкеноваға жеке сипаттағы сұрақтар қойғаны түсірілген. Оның ішінде басқа ер адамдармен жақын қарым-қатынасы туралы сұраған сәті бар.

22 сәуірде Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Әсел Қожақованың Youtube арнасына сұқбат берді. Ол бұрынғы ұлттық экономика министрімен қалай танысқанын, отбасындағы өмірі туралы айтып берді. 

«Алғашқы қызғаныш белгілері» тұңғыш баласы дүниеге келгенде басталған, Бишімбаев әйелін баласынан қызғанған.

«Қақпан өте баяу жабылады. Бақылау басталды. Ол келгенде мен үйде болғаным маңызды болды. Ол үнемі сөйлескісі келеді. Сонымен қатар, біз әрқашан ол туралы айтамыз. 31 жасымда мен әйел ретінде бақытты болмайтыныма сендім. Мұндай адаммен бірге өмір сүргенде, ол ақырындап, ешкімге керек емес екеніңе сендіреді», – деді Қаһарман.

Бишімбаев оған қол көтермеген. Бірақ оған ауыр затты лақтырып, қолынан жұлқылай алған.

«Менің өмірімде мұндай нәрсе болған жоқ. Бірақ ол әрқашан физикалық агрессивті болды. Ауыр заттарды лақтырып, жұлқылайды. Содан кейін  «сен өзің құладың», «мен саған емес, басқа бұрышқа лақтырдым» деп ақталады», – деді ол.

Назым Бишімбаевпен оңай ажырасуға болмайтынын түсінген. Ол ажырасудан жеті жыл бұрын Бишімбаевтан кету туралы ойлар келгенін айтады.

«Менің 14 жылдық некемді бір сөзбен қалай сипаттауға болады? Мен бір сөзбен айта алмаймын. Бұл бомба ұстаған маймылымен бірге өмір сүру сияқты. Сіз қашан жарылатынын білмейсіз», – дейді ол.

Ажырасу кезінде Бишімбаев жұбайын қаржылық көмектен айырып, балаларын алып қоямын деп қорқытқан. Назым сотта айтылған куәгерлердің айғақтарына сенетінін айтты. Себебі Бишімбаев онымен некеде болғанда, Салтанат Нүкеновамен некедегідей қылықтар көрсеткен.

«Ол менің телефонымды алып, дәретханаға батырды. Дәретхананың қақпағын жұлып алып, оны маған қарай лақтырды. Мен қашып кеттім, ас үйге тығылдым. Ол есікті сындыра бастады. Мен балаларымның бөлмесіне барып, балам қорғап қалды», – деді Қаһарман.

Сондай-ақ оқыңыз