Jusan Invest компаниясының 2023 жылғы жиынтық кірісі 2,3 млрд теңгені құраған

Жарияланды
Шығарушы редактор
Jusan Invest
Фото shutterstock

Jusan Invest брокерлік компаниясының 2023 жылғы жиынтық кірісі 2,279 млрд теңгені құраған. Бұл жайында компанияның жылдық қаржы есебінде жазылған.

Брокердің 2023 жылғытаза пайыздық кірісі 2,8 млрд теңгеге жеткен. 2022 жыл бұл көрсеткіш 1,6 млрд теңгені құрады.

Компанияның жиынтық активтері бір жыл бұрынғы 59 млрд теңгемен салыстырғанда 62,5 млрд теңгеге жеткен. Ал міндеттемелері 2022 жылдың соңындағы 20,3 млрд теңгеден 2023 жылы 14,5 млрд теңгеге дейін азайды.

Компанияның меншікті капиталы да өскен. 2022 жылы мешікті капитал көлемі 42,2 млрд теңгені құраса, 2023 жыл қорытындысында 44,4 млрд теңгеге жеткен.

Jusan Invest – бағалы қағаздар нарығында қазіргі заманғы инвестициялық шешімдердің кең спектрін ұсынатын компания. ҚНРДА инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясын берген. «First Heartland Jusan Invest» АҚ – БЖЗҚ инвестициялық портфелін басқарға құқығы бар 5 компанияның бірі.

2023 жылдың қазанында директорлар кеңесінің құрамы өзгеріп, Владимир Ким директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Енгізілген өзгеріс нәтижесінде «First Heartland Jusan Invest» АҚ Директорлар кеңесі үш адамнан тұрады: Владимир КимЕрке Нұркенов және Санжар Жамалов.

Компанияның жалғыз акционері – First Heartland Jusan Bank. 2023 және 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша First Heartland Jusan Bank-тің негізгі акционерлері: жай акциялардың 79,63% иеленетін First Heartland Securities брокерлік компаниясы мен 20,11% жай акцияға иелік ететін Ғалымжан Есенов. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша компанияның түпкілікті иесі – Ғалымжан Есенов.

Сондай-ақ оқыңыз