Жаңалықтар

Қазақстан жанармай құю станцияларында бензин мен дизель отынына сұранысты болжау үшін жасанды интеллектіні пайдаланады

Қазақстан жанармайға сұранысты болжау үшін жаңа технологияларды пайдаланады / Коллаж: kursiv.media

Қазақстан әртүрлі аймақтардағы жанармай құю станцияларында бензин мен дизель отынына сұранысты болжау үшін жасанды интеллектіні пайдаланады. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық тхнологиялар» АҚ-ның платформалық шешімдер жөніндегі басқарушы директоры Қуаныш Байтенов айтты.

«Бірнеше модельді қолданып жатырмыз. Олар бір-бірін екі рет тексереді және соңғы нәтижені көрсетеді. Мұнымен тоқтап қалған жоқпыз. Өнеркәсіп саласына тоқталатын болсақ, шамамен екі жыл бұрын дәл сол деректер жүйесінде бензинге қатысты үлкен проблемалар болған. Сондықтан аймақтар бойынша бензин балансына қатысты болжамдар жасадық және жедел шешімдер қабылдау үшін мемлекетке тиісті ақпаратты бердік. Ол тиімділігін көрсетті және көптеген іс мерзімінен бұрын атқарылды», – деді спикер 23 сәуірде VK Cloud Conf Astana конференциясында.

Оның пікірінше, бұл тәжірибе бизнес пен үкіметке көлемді деректермен жұмыс істеу кезінде ыңғайлы.

Еске сала кетсек, ақпанда Энергетика министрлігі Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер үшін дизель отынының бірыңғай бағасы белгіленеді, деп хабарлады. Ведомство бұйрығына сәйкес бұл отын бағасы бәріне бірдей бір литр үшін 295 теңге көлемінде бекітілген.

Бұған дейін 2023 жылдың күзінде мұнай компаниялары бензин мен дизель отынының бағасын көтеруді ұсынды. Олар Аи-92 маркалы бензин мен дизель отынының бөлшек бағасын 2024 жылдан бастап литріне 205 және 295 теңгеден 230 және 345 теңгеге дейін, ал қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) жеткізу кезінде шикі мұнайдың құнын тоннасына 95-105 мың теңгеден 135-145 мың теңгеге дейін арттыру мәселесін көтерген.

Ал 2023 жылғы желтоқсан айында Энергетика министрлігі Ұлттық экономика және Индустрия министрліктері бірлесіп, 2024 жылдың 14 ақпанынан бастап бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуге тыйым салатын құжатты ұзартты. Негізінен дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге шектеу 2023 жылдың шілдесінде енгізілген болатын.