Жыл басынан бері қатты құнсызданған Tesla акциялары қайтадан қымбаттай бастады

Жарияланды
Шығарушы редактор
Tesla акциялары
Tesla акцияларының қымбаттауына не себеп? Фото: Unsplash/ David von Diema

Tesla акциялары сейсенбі күнгі негізгі сессия жабылғаннан кейін 13%-ға қымбаттап, бағасы 163,96 долларға жетті. Tesla акциялары жыл басынан бері 41 пайыз жоғалтқан еді.

Сонымен қатар компания бірінші тоқсандағы кірісі 9%-ға қысқарғанын мәлімдеді. Бұл компания кірісінің 2012 жылдан бергі күрт азаюы,

Бас директор Илон Маск компания 2025 жылдың басында бюджеттік электр көліктерін шығара бастайды деп уәде берді. Осылайша Model 2 өндірісі басталатынын растады. Масктің мәлімдемесі инвесторлардың компания акцияларына деген қызығушылығын арттырды.

«Бұл жаңа көліктер, соның ішінде арзанырақ модельдер, жаңа буын платформасының, сондай-ақ қазіргі платформаларымыздың элементтерін пайдаланады және біздің қазіргі көліктер желісі сияқты өндіріс желілерінде шығарылады», – делінген хабарламада.

Алайда компания жаңа көліктердің құны мен қашан ұсынылатыны туралы ештеңе атпаған. Yahoo Finance Илон Маск 8 тамызда Robotaxi ашылатын күні толық айтуға уәде берді деп жазады.

Компанияның қаржы есебі шықты

Дегенмен компанияның І тоқсандағы қаржы есебі әлсіз болып шыққан. Tesla-ның 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы кірісі 9%-ға төмендегенін хабарлады. Компания кірісі бір жыл бұрынғы 23,33 млрд доллардан 21,3 млрд долларға дейін төмендеген. FactSet мәліметтері бойынша, сарапшылар 22,22 миллиард доллар кіріс күткен. Өндірушінің кірісі 2012 жылдан беру қатты құлдыраған.

Tesla-ның операциялық кірісі 1,17 млрд долларды құраған. Ал былтыр осы тоқсанда компанияның операциялық кірісі 1,62 миллиард долларға тең болған.

Акционерлерге берген баяндамасында Tesla 2024 жылға арналған пессимистік болжамын қайталады. Инвесторларға «өсім қарқыны 2023 жылы қол жеткізілген өсу қарқынынан айтарлықтай төмен болуы мүмкін» деп мәлімдеді.

Tesla-ның жалпы кірісі бірінші тоқсанда 18%-ға төмендеген. Оған биыл электромобильдер бағасының арзандауы біршама әсер еткен. Инвесторлармен бірінші тоқсандағы операциялық мәселелерді, соның ішінде Қызыл теңіздегі жеткізу тізбегіндегі үзілістерді талқылағаннан кейін Маск: «Екінші тоқсан әлдеқайда жақсы болады деп ойлаймыз», – деп сендірген.

Сәуір айының басында компания бірінші тоқсанда 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электр көліктерін жеткізу 8,5%-ға төмендегенін хабарлады.

18 сәуірде Deutsche Bank талдаушылары Tesla акцияларын Hold деңгейіне дейін төмендетті (акцияны ұстауға ұсыныс). Бұрын олар инвесторларға Tesla акцияларын сатып алуға кеңес берген. Deutsche Bank акциялардың мақсатты бағасын 35%-ға, 189 доллардан 123 долларға дейін төмендетті.

Былтыр Қаржы есебі шықаннан кейін Tesla акциялары антирекорд орнатқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз