Су тасқыны болған алты аймақтағы түлектер үшін ҰБТ бөлек кестемен ұйымдастырылады

Жарияланды (жаңартылды )
kursiv.media

Су тасқыны болған алты аймақтағы түлектер үшін ҰБТ бөлек кестемен өткізіледі. Бұл жөнінде Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Эвакуациялық орталықтарда болған 4 мыңнан аса бала сауықтыру лагерлеріне, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім инновация лицейлерінің интернаттарына орналастырылды. Бұған қосымша 4 мыңнан аса орынға резерв дайындалды. Барлық медициналық мекеме күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қажетті дәрі-дәрмек қоры әзірленген. Эпидемиологиялық бригадалар құрылып, зардап шеккен аймақтардағы ауызсу сапасы мен ерекше қорғалатын аумақтар тұрақты бақылауға алынған.

Бұған дейін Сенат депутаты Ғалиасқар Сарыбаев су тасқыны болған аймақтарда ҰБТ тапсыратын оқушылардың дайындық сапасы төмендеп кеткенін айтып, Үкімет басшысы Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады.

«Эвакуациялық пунктерде балаларға қажет барлық жағдай жасалған. Алайда төтенше жағдай биыл мамыр-маусымда өтетін мемлекеттік білім гранттарын алу конкурсына қатысу үшін оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуына кері әсерін тигізді», – дейді Ғалиасқар Сарыбаев.

Оқу-ағарту министрлігі төртінші тоқсан қарсаңында 88 мектеп қашықтан оқитынын айтты. Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастыруына барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ оқыңыз