Оңтүстік Африкаға оралады: FlyArystan әуе компаниясының президенті қызметінен кетті

Жарияланды
Шығарушы редактор
президенті
Фото: flyarystan.com

Air Astana-ның еншілес компаниясы – FlyArystan президентi Адриан Хэмильтон-Маннс қызметінен кетті. Ол «отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін компаниядан кетіп, Оңтүстік Африкаға оралу туралы шешім қабылдаған». Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметі хабарлады.

Оның орнына 20 мамырда Ричард Леджер келеді. Ол міндетті реттеу рәсімдеріне сәйкес тұрақты тағайындалғанға дейін президенттің міндетін атқарады.

Хэмильтон-Маннс мамыр айының соңына дейін FlyArystan-да болып, бүкіл шаруаны Леджерге тапсырады.

Ричард Леджер 2009 жылдан 2017 жылға дейін Air Astana-ның жаһандық сату жөніндегі директоры және 2017 жылдан 2022 жылға дейін маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті қызметін атқарған. Air Astana таратқан баспасөз мәлімдемесінде осы аралықта компанияның кірісі 2008 жылғы 646,8 млн доллардан 2022 жылы 1,02 млрд долларға дейін 58%-ға өскенін атап өткен.

FlyArystan әуе компаниясы жақында жеке оператор сертификатын алған.

2019 жылы құрылғалы бері FlyArystan «Эйр Астана» компаниясының сертификатын пайдаланып келген. Енді өз AOC-мен FlyArystan өз қызметін арзан тасымалдаушы үлгісіне одан ары бейімдеп, қосымша өсу мүмкіндіктерін іздестірмек.

Жеке оператор сертификатын алғанымен, FlyArystan «Эйр Астана» тобының еншілесі ұйымы болып қала береді. Питер Фостер бұған дейін де FlyArystan әуе компаниясы Air Astana-ның құрамында қала беретінін айтқан.

Air Astanа 15 ақпанда IPO-ға шықты. «Эйр Астана» тобы – акциялары бір мезгілде үш биржада (LSE, KASЕ мен AIХ) орналастырған алғашқы қазақстандық компания.

Жария орналастыру шеңберінде 3 сатушы тарап: «Самұрық-Қазына» АҚ, BAE Systems PLC және компанияның өзі 370 млн доллар қаржы тартқан. Жеке инвесторлардан түскен өтінімдердің 97,8 %-ы қанағаттандырылды. IPO барысында компания құны шамамен 847 миллион долларды құрады.

Сондай-ақ оқыңыз