Қазақстан «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», North Caspian Operating Company мегажобаларының келісімшарттарын қайта қарай ма?

Жарияланды
Қазақстан мұнай жобаларының шарттарын өзгертуі керек пе? / Архив: kursiv.media

Қазақстан «Теңізшевройл», «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг», North Caspian Operating Company компанияларына отандық қамтуды дамыту бойынша ұзақ мерзімді бағдарлама әзірлеу туралы міндеттер қойды. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов айтты.

«Бұған дейін бірнеше рет атап өтілгендей, өнімді бөлу туралы келісім үшін барлық мүдделі тараптың келісімін қажет ететін конфиденциалдық ережелер бар. Бұл инвестицияларды қорғау бөлігіндегі халықаралық тәжірибе. Өңірлерді әлеуметтік дамытуға, экологиялық мониторингке, қазақстандық қамтуға қаражат бөлу туралы ақпарат қолжетімді болып табылады және компаниялардың сайттарында орналастырылған», – деді министрлік өкілі.

Ол тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі тапсырмаларға тоқталды.

«Бүгінгі таңда министрлік ТШО, НКОК және ҚПО алдына қазақстандық қамтуды дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу бойынша міндеттер қойған», – деді спикер.

Еске сала кетсек, Halyk Finance сарапшылары Санжар Қалдаров пен Мұрат Темірханов Үкімет «Теңіз», «Қашаған» және «Қарашығанақ» мегажобаларының келісімшарттарын қайта қарау туралы мәселе көтеріп жатқанын жазған

Тіпті келісімдерді бұзып, кейін жаңаларын жасау туралы сұрақтар жиі айтылуда.

«Болжамды шешімдер қатарында мегажобалардағы үлесті Ресейден келген компанияларға беру туралы ұсыныстары да бар. Біздің ойымызша, шетелдік инвесторларға ықпал ету осы үш жобаға кері әсер етеді. Сондай-ақ шарттар талаптарын қайта қарау қажеттілігі туралы ағымдағы мәлімдемелер негізсіз. Әсіресе, мұнайға және экономиканың басқа секторларына жаңа шетелдік инвесторларды тарту тұрғысынан алғанда тиімсіз», – деп есептейді Halyk Finance.

Сондай-ақ оқыңыз