Қазақстандықтардың басым бөлігі күнделікті қолданатын заттарға ақша үнемдейді  

Жарияланды
Қазақстандықтар қандай заттарға ақша үнемдейді?/иллюстрация: shutterstock

NielsenIQ Kazakhstan агенттігінің коммерциялық директоры Мадина Сейсенғалиева 2023 жылдың соңында он қазақстандықтың жетеуі үнемдеуге тырысқанын айтады.

2022 жылы және былтырғы жылы байқалған бағаның рекордтық өсуі қазақстандықтардың мазасыз күй кешуінің басты себебі болып отыр. Сондай-ақ олардың сатып алушылық дағдыларына әсер етуде. NielsenIQ Kazakhstan жүргізген сауалнама тап осындай нәтиже көрсетіп отыр. Агенттік тоқсан сайын Қазақстанның әртүрлі қалаларынан 500 респонденттен онлайн-сауалнама алып, тұтынушылық сенім индексін анықтайды.

Қазақстандықтардың мазасыздығына не себеп

«2022 жылдың наурыз айынан бастап инфляцияның екі мәнді өсу қарқынын көріп отырмыз. Ол ай сайын өсіп, 2023 жылдың ақпан айында өзінің шегіне жетті. Содан бері инфляция төмендетуге тырысуда. Бағаның өсуі шамалы баяулады. Сөйтіп 2023 жылдың ақпанында инфляция 9,3% болды. Алайда бұл әлі де екі мәнді көрсеткішке жақын», – деді Мадина Сейсенғалиева NielsenIQ Қазақстан компаниясы Efes Қазақстанмен бірлесіп ұйымдастырған FMCG бөлшек саудагерлері мен жеткізушілеріне арналған іс-шара барысында.

Қазақстандықтардың мазасыздығының екінші бір себебі – кредиттер мен қарыздар. «Инфляцияның өсуімен қатар тұтынушылық кредит алу да қарқын алды. 2024 жылдың ақпанында  жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық кредит көлемі 2023 жылдың ақпанымен салыстырғанда 29%-ға өсті. Яғни сатып алушылар қаупі бекер емес екенін көреміз», – деп қосты Сейсенғалиева.

Қазақстандықтарды алаңдатқан үшінші (25%) мәселе – денсаулық. Мазасыз күй кешуге бес себептің тағы бірі  – тауарлар мен қызметтердің бағасы мен отбасының амандығы. Осы арада сауалнамаға қатысқандардың жартысы 2024 жылы экономикалық жағдай жақсарады дегенге сенбейді.

Қазақстандықтардың алай-дүлей мазасыз күйлері олардың сатып алушылық дағдыларына да әсер етеді. NielsenIQ Kazakhstan «Курсивке» 2023 жылдың қорытындысы бойынша сатып алушылардың мінез-құлықтарының өзгеруіне қатысты зерттеуін ұсынды. Мамыр-маусым аралығында 1600 респонденттен сатып алушылық дағдыларының өзгеруіне қатысты сауалнама алынды. Сауалнамаға Астана мен Алматыдан 500 адамнан, Қарағанды мен Шымкенттен 300 адамнан қатысқан.

бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Сатып алу стратегиясы қалай өзгерді

Компания мәліметі бойынша, сауалнамаға қатысқандардың 76%-ы сатып алу стратегиясын өзгерткен. Мысалы, күнделікті қолданатын тауарларды алғанда тек қажеттілерін ғана алатын болған және артық затты (53%-ы) алуды қойған. Сатып алған кезде үнемдеу үшін (30%)  жеңілдіктер мен акцияларға «жүгіретін» болған. Ал сауалнамаға қатысқандардың 24%-ы сатып алатын заттарын азайтқанын айтқан. Сонымен қатар бюджетті сақтап, үнемдеудің тағы бір тәсілі көтерме бағамен сатып алу болған. Мұндай тәсілді сауалнамаға қатысқандардың 19%-ы қолданған. Сондай-ақ арзан бренд заттарын алуға көшкендер де бар.

Сатып алушылардың басым бөлігі макарон, жарма, мұздатылған тауарларды алып жүрген бренд сапасынан төмен емес арзан брендтен алуға дайын.   

Егер жалпы күнделікті тұтынатын тауарлар жайлы айтатын болсақ, қазақстандықтар үнемдеу үшін жаңа киім сатып алудан, сырттан тамақ ішуден бас тартады.

бильд-редактор: Ахтам Зиперов

NielsenIQ Kazakhstan агенттігінің сатып алушыларға жүргізген сауаланмасы негізінде жасалған болжамына мән берер болсақ, тіпті экономикалық жағдай жақсарған күннің өзінде қазақстандықтардың үнемдейтін әдеті біразға дейін қалады.

Сондай-ақ оқыңыз